Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Мүсірепов театры “Жусан иісі” драмасының премьерасына шақырады

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры барша алматылықтар мен қала қонақтарын 6 желтоқсан күні сағат 17:00-де болатын “Жусан иісі” драмасының премьерасына шақырады.

Спектакльдің қоюшы-режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

“АЛЫСТА ҚАЛҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМ… ОЙЫМНАН БІР КЕТПЕЙДІ.

Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау… Еш уақыт ұмытылмас.

Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға бар зілін салды.

Ауыл жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Бәрімізге таныс иіс…”

БАҚ бөлімі

273-22- 48

87071050575

Ақпарат көзі: https://www.nur.kz/1695125-musirepov-teatry-zhusan-iisi-dramasyn.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Қара шекпен» қандай ой салды?

admin

“Жарқын бейне” бағдарламасы. Актер, Қазақстанның Халық әртісі Қасым Жәкібаевты еске алу

admin

ОРАЛДА Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНЫҢ ГАСТРОЛІ ӨТУДЕ

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ