Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Мүсірепов театры Таразда өтетін “Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады” фестиваліне жолдама алды

3

2015 жылдың 27-28 қараша күндері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Тараз қаласында өтетін «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты Актер өнеріне арналған II Халықаралық театрлар фестиваліне жолдама алды.

Фестивальға театр репертуарындағы Осетин драматургы – Г.Хугаевтың «Қара шекпен» атты шоқтығы биік қойылымымен қатысатынын хабарлағымыз келеді.

Әріптестерімізге сәттілік тілеп, жүлделі орындарға ие болатынына үміттенеміз.
Спектакль – Алматы «Ислам мәдениетінің астанасы-2015» болып жариялануына байланысты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысымен қойылған.

Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам…

Ал, Біз, дәл осындай «дәрежеге» расымен, лайыкпыз ба?!

Кез келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, Жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз…

«Қара шекпен» спектаклі – осы сұрақтарға жауап іздейді.

 

https://baq.kz/kk/cultcenter/post/509

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Кейіпкер келбеті” кездесу.

admin

ТЕАТР ТЫНЫСЫ

admin

Бүгінгі таңда еліміздің балалар үйі мен қарттар үйінің босағасын аттаған сə би мен қарияларымыздың саны күн санап артып келеді.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ