Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ПАВЛОДАРҒА КЕЛДІ

Павлодарға Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен келді.

Алматылық өнер ұжымы 20 сәуірге дейін Павлодарлық балғындарға өз репертуарларынан бес қойылым ұсынады. Соның алғашқысы «Әріптер әлеміне саяхат» көрінісін біздің тілшілер де тамашалап қайтты. Кішкентай балақайлар бір сағат көлемінде ертегі әлеміне енгендей болды. Театрға жиналған бүлдіршіндер таңғажайып көріністің куәсі болып, бойларына білім нәрін жинады. Әр түрлі кейіпке еңген сахна майталмандары кішкентай көрермендердің жүрегіне ерекше орын алғаны, залға жиналған әр баланың жүзіндегі риясыз күлкі мен қуаныш сезімінен байқалып тұрды.

Диас Мырзахмет, ғ.мүсіріпов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының әртісі

Әріптер әлеміне саяхат, жалпы осы балаларға қойылған, қандай мақсатпен қойылды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, түңғыш елбасымыз, сол кіснің жолдауымен алғашқы қойылған қойылым. Бұл қойылым тек біздің театрда ғана бар, арнайы жазылған қойылым. Латын әліпбиіне көшуіміз жайлы дүние болғандықтан. Олар тез қабылдасын деп, арнайы қойған болатынбыз.

Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу жүйесі еңгізіліп жатқаны белгілі.  Бұл қойылым, мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай балалардың жаңа әліпбиді меңгеріп кетуіне сеп болады. «Әріптер әлеміне саяхат» балалар пьесасы жас драматург Әлібек Байболдың туындысы. Қойылымда латын әріптері мен кириллица әріптері өзара шайқасқа түсіп, дауласты. Яғни латын ғарпі Жақсыбек, ал кириллица Бұзықбек. Қойылымның соңында жаңа бағытқа көшу, ол заман талабы және ұлтымыз үшін маңызды қадамдардың бірі екені айтылды. Ертегі желісі бойынша, әріптердің арасында татулық орнап, достықта нүктесі қойылды. Алматылық өнерпаздары еліміздің гастролдік сапар барысында бірқатар аймақты болып, жас буынға ертегі желісімен өрбіген театрлық көріністі тарту етіп келеді.

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Ақпарат көзі: http://pavlodartv.kz/kz/news/culture/gmusirepov-teatry-pavlodarga-keldi#

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

30 қараша дәл қазiргi сәт. Бiздiң театр эстрада жұлдыздырынан құралған “Алатау” командасын жеңдi. Ендi Әуезов театрының командасымен ойнауда! Алғаааа, Мүсiрепов театры!!!

admin

Актер, Қазақстанның Халық әртісі Қасым Жәкібаевты еске алу

admin

Гүлбаһрам Ахатқызы Байбосынова, актриса: Кербездік қыздарға жарасады

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ