Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ART SCENE СТУДИЯСЫНДА

Кеше балаларға  арналған  ART SCENE театр студиясында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белді әртістерінің қатысуымен шеберлік сыныбы өтті. Жас әртістерімізге шеберлік сыныбын Мақсат Қайратұлы, Гүлбахрам Ахатқызы, Толқын Көшпенбекқызы, Дархан Тілекұлы өткізді. Алдымен әртістеріміз өздерін жеке-жеке таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

ART SCENE студиясы – жас жеткіншектерді өнерге баулу мақсатында құрылған. Бұл студияның жетекшісі Гүлназ Қасымбаеваның айтуынша, балаларды қазірден бастап үлкен өнер қадамына жетілдіру керек. Дәріс барысында ART SCENE театр студиясының жас бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін қойылым арқылы әртістеріміздің назарына ұсынды.

«Алғаш рет осындай шеберлік сыныбын өткізіп отырғандықтан, өзіме де жаңалық болып отыр. Оның үстіне, кішкентай балаларға үйреткен қызық. Әртіс болам деп талпынып, еңбектеніп жатқан бұл бүлдіршіндерге ризамын.  Себебі, бізде бұрын мұндай мүмкіндіктер мүлде болмады. Біз бала күнімізде момын боп өскен едік. Ал мына бүлдіршіндер өте пысық. Болашақтарынан үлкен үміт күттіретін жас әртістерге тек сәттілік тілеймін»,-деді Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Гүлбахрам Ахатқызы.

Аталған шеберлік сыныбында әртістеріміз жас балаларға бірнеше жаттығу түрлерін жасауды үйретіп, балалармен бірге «Маугли» қойылымын қойды. Сондай-ақ, ән шырқалып, поэзия өлеңдері оқылды. Сабақтың соңында барлық қатысыушыларымыз естелік суретке түсіп, қонақтарымыздан қолтаңба алды. Әртістерімізге арнайы ART SCENE театр студиясының атынан алғыс хаттар ұсынылды.

Жасмин, ART SCENE театр студиясының оқушысы:

Бұл мектепте мен 2 жылдан бері оқимын. Осы жылдар арасында көптеген нәрселерді  үйрендім. Ал бүгін аға-апаларымыздың біз үшін өткізген шеберлік сыныбында біраз дүниелермен таныстым. Көбіне теледидардан, спектакльдерден көріп жүрген әртістерімізбен кездескенімізге қуаныштымын. Мен де болашақта осы әртістер секілді биіктерден көрінуді армандаймын.

Ақпарат көзі: http://zhasatyrau.kz/news/g-musirepov-teatri-art-scene-studiyasinda.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ЖҮГЕНІ КҮМІСТЕЛМЕЙ КЕТКЕН ЖҮЙРІК ЕДІ…

admin

«Жастық туралы» қойылым

admin

СҮЙІНШІ!!! ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Алматы қалалық өнер ұжымдары арасындағы ВОЛЕЙБОЛ жарысында “қара шаңырағымыз” намысты қолдан бермей, қарсыластарының мықтылығына қарамастан, ЖЕҢІСті қалжығаларына байлады. I – орын Мүсірепов театры; II – орын Əуезов театры; III – орын Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Ақсарай театры. Шын жүректен құттықтаймыз! Мүсірепов театры жасасын!

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ