Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ. Мүсірепов атындағы театрда Мұқағалидың ұлымен кездесу өтеді

Ғ. Мүсірепов атындағы театрда Мұқағалидың ұлымен кездесу өтеді

9 ақпан күні, яғни ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жыр жүйрігінің ұлыЖұлдыз Мұқағалиұлы және «М.Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қорының» төрайымы –Бақыткүл Қыдырбайқызымен кездесу кеші өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Театрдың «Кейіпкер келбеті» мейман бұрышында өтетін кездесу Астана уақытымен сағат 17:15-ке жоспарланған. Кеш соңында театр репертуарындағы жаңа туынды М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» (Реж. ҚР еңбек сіңірген артисі – Мұрат Ахманов) поэтикалық дастаны көрермендерге ұсынылады.

Мұқағали рөлін Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Бейбіт Қамарановсомдаса, Райымбек рөлінде Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Асылхан Төлепов ойнайды.

Ақпарат көзі: http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/36407/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың актеры Ербол Садырбаев “Жаңа күн” бағдарламасының студия қонағы. #ЖаңаКүн.

admin

«Жаңа есім» айдарының бүгінгі кейіпкері – Ернат Күншібаев

admin

Балалар мен жасөспірімдер театрында фарс-комедияның премьерасы өтті

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ