Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ПАВЛОДАРДА

73 жылдық тарихы бар өнер ордасы – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының біздегі гастролдік сапары жалғасуда.

Кеше өнер ұжымының басшылығы сапарлары туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Толығырақ тілшіміз тарқатады. Павлодарға төрт күндік іс сапармен келген Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры облыс жұртшылығын өз туындыларымен сусындатуда. Өнерді бағалай білетін Ертіс-Баян өңірінің еліне айтар алғыстары бар.

Азамат Сатыбалды, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры

Бұл бір киелі өңір, бабаларымыздың маңдай тері тмаған, өзінің тарихы бар, өзінің дәстүрі бар, өзінің халқы бар, өзінің көрермені бар, өзінің бағыт-бағдары бар керемет өңір. Бұл жерге келу, бұл жердің көрерменімен қауышу біз үшін үлкен мәртебе, үлкен рахмет деп айтамын көрермендерімізге. Шынайы көрермендерімізге, таза көрермендерімізге.Қашанда келіп, қолдап жүрген, көріп жүрген, сәттілік тіледім.

Алматылық өнерпаздар, БАҚ өкілдері мен шаһарымыздың жалынды жастарымен кездесіп, қызықтырған сауалдарына жауап берді. Театр әртістерінің құрамында Естай Беркімбайұлының ұрпағы Динара Әбікеева бар. Жерлесіміз сұхбат барысында туған жеріне деген ыстық ықыласын білдірді.

Динара Әбікеева, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі

Әрине туған жеріме келгеннен кейін, абыройым қатты көтеріліп, мақтан тұтып кеше жақсы өткеніне. Әлі де жүрегім лүпілдеп тұр, ертен басты рөлді ойнаймын, ойлаймын жақсы өтеді деп.

Кездесу «Ұмытындар оны…»  атты трагикомедиямен жалғасты. Павлодарлық өнерсүйер қауым туындыны жоғары бағалады.

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Ақпарат көзі: http://pavlodartv.kz/kz/news/culture/g-musirepov-atyndagy-balalar-men-zhasospirimder-teatry-pavlodarda

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Шын жүректен құттықтаймыз! #Әкемтеатр #Басжүлде #Қазақтеатрыжасасын

admin

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ. “Өнердің деңгейі көрермен санымен өлшенбейді”. Театрымыздың актеры, тележүргізуші – Рахман Омардың “Түркістан” газеті тілшісіне берген сұхбаты. ‪#‎Мүсіреповтеатры‬ ‪#‎РахманОмар‬ ‪#‎Түркістангазеті‬

admin

2-желтоқсан күні сағат 18.30-да “Желтоқсан желі” драмасы сахналанады. 1986 жылдың əлі күнге дейін жадымызда жаңғырған ызғарлы күнінде Орталық алаңға шыққан жастар – қыз бен жігіттің қан жоса тағдыры, олардың адамның бойы мен жанын мұз қарыған сондай ауыр шақтарда бірін-бірі құрсауда тастамай, бір-біріне пана болуы… Сондай, оларды қала қарттары Баймырза мен Талшынның үйін тасалауы көрініс табады. Намысты ту еткен қазақ жастарының жүрекжарды тілегін тыңдауды қорсынған “жүйе” оларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатты. Ұрды, соқты, сүйреді… намыстарына тиді. Осының бəрі – бір спектакльдің өне-бойына Өнер тілімен сыяды. Құрметті көрермен, театрға келіңіздер!

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ