Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры Ақтөбеге гастрольдік сапармен барады!

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында  Ақтөбе қаласына гастрольдік сапар жасайды. Онда Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  (авт. Ғ.Мүсірепов, реж. Ж.Хаджиев) трагедиясын (29  қыркүйек),  «Келіндер көтерілісі» (авт. С.Ахмад, реж. М.Ахманов) комедиясын (30 қыркүйек),  «Қызыл  орамалды  шынарым»  (авт. Ш. Айтматов инсц. және реж. Т. Теменов) драмасын (1 қазан,  «Мен,  ұмытылмаймын…»  (авт. М. Мақатаев, инсц. және реж. Б.Сейітмамытұлы)  лирикалық  драмасын (2 қазан),   «Қара шекпен» (авт. Г.Хугаев, реж.А.Маемиров)  әфсанасын (3 қазан) және балалар үшін  29-30 қыркүйек пен 1,3 қазан  күндері «Ер көжек» (авт. Ө.Боранбаев, реж.И.Әбілмәжінов) ертегісін көрермен назарына ұсынылады.

         Бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен киелі шаңырағымыздың 70 жылдық мерейтойы тұсында жүзеге асып отыр. Ондағы басты мақсат – ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «…алыс аймақтардағы тұрғындардың мәдени өрлеу ісіне атсалысу» тұрғысындағы түбегейлі тапсырмасын қолдау.

Ақпарат көзі: http://www.qazaq-alemi.kz/news?id=2941

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Өзекжарды” радио-бағдарламасының қонағы Бақыт Беделхан.

admin

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры көрермендерімен қайта қауышты

admin

«Құланбаевтар династиясының» дарасы

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ