Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70 жылдық мерейтойы мамыр айында өтеді

Алматыдағы Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театры 14-қазанда 70-маусымын халық ертегілерінің желісімен жазылған «Алтын мүйізді киік» ертегісімен ашты. Қойылымның авторы және режиссері Еркін Әбдірешов. Одан кейін ҚР Еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахмановтың инсценировкасымен жасалған Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэтикалық дастанының да премьерасы болды.

«70 жылдық мерейтойымызды 2016 жылдың мамыр айына жоспарлап отырмыз. Желтоқсанда театрымыз туралы деректі фильм түсіріп, ақпан айында Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрын қонаққа шақырамыз. Наурызда І Республикалық балалар спектаклдері фестивалін жоспарлап отырмыз. Ал сәуірде жас суретшілер байқауын, мамыр айында Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклін қоямыз. Сондай-ақ кешкі қойлымнан кейін 21:00-де басталатын «Түнгі театр» жобасын бастауды да жоспарлап жатырмыз»,  – деді театр директоры Сәбит Әбдіқалықов маусымның ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында.

Театрдың көркемдік жетекшісі М.Ахмановтың айтуынша,  театр биыл жыл басынан бері жаңа маусымдағы туындыларды қосқанда 7 жаңа қойылымды сахналаған. Енді балалар қойылымдарын дамыту мақсатында  театрдың ішкі фестивалі де ұйымдастырылуы мүмкін.

«Балалар мен жасөспірімдер театры бола отырып биыл бірінші рет балаларға арналған қойылыммен тетр маусымын ашып отырмыз деген сөздің өзі көп нәрсені аңғартады. Жаңа 2 спекталіміз біздің алдағы уақыттағы репертуарлық бағыт-бағдармызды айқындап береді деп ойлаймын. Сонымен қатар театрымыздың ішінде жас драматургтерді дайындайтын үйірме ашсақ деген жоспарымыз бар. Өйткені драматургияға батылы жетпей, қорқақтап жүрген талапты жастар көп. Олар өздерінің білмейтін тұстарын режиссерден, актерден білмейтінін сұрап білуге болады мұнда. Жас драматургтерге мүмкіндік туғызсақ ол алдағы уақытта өз жемісін берері күмәнсіз», – дейді театрдың әдебиет бөлімінің меңнгеруші Бақыт Беделхан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ақтоты Райымқұлова Жасталап Санауовты “Құрметті спорт қызметкері” төсбелгісімен марапаттады

admin

Премьера. Мүсірепов театрында «Махаббат хаттары» драмасы қойылады

admin

Театр туралы құнды естеліктер

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ