Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» дастаны сахналанды

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры мерейтойлық 70-ші маусымын ақын Мұқағали Мақатаевтың тарихи-поэтикалық «Райымбек, Райымбек» дастанымен ашты.

Бұл қойылым Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қойылып отыр.
Ата – балаға сыншы. Ел басынан өткен зарзаман азаптарын арқау еткен қойылым бабалар салған ізгі жол арқылы өрбиді. Тарих мойындаған, біз білетін Райымбек батырдың алғашқы қадамы қалай басталды? Ел азаттығы жолында жауға қарсы шыққан баланы таныған кім?
Балтабай Сейтмамыт, ҚР Еңбегі сіңген қайраткер, Әлмерек бидің рөлінде 
-Бала Райымбектің Райымбек екенін, алда үлкен болашағы бар екенін, үлкен азамат шығатындығын бірінші байқаған осы – Әлмерек ақсақал. Кейін сынға салады, сыннан өткенен кейін ғана Райымбек атқа мініп, жігіт болып, қолына қару алып, Хангелдінің сауытын киіп жорыққа шығады. 
Алғаш ат жалын тартып, қолына қару алып, жауға шабатын бала Райымбектің рөлін 14 жастағы Мұхаметжан Байзақов ойнаса, толысып, жігіт болған шағын көпшілікке «Жау жүрек мың бала» фильмі арқылы таныс Асылхан Төлепов ойнайды.
Асылхан Төлепов, басты кейіпкерді сомдаушы
-Кино мен театр екеуі екі бөлек. Бұл жерде көрермен тірідей сахнада ойнап жүрген Райымбекті, тірі батырды көргісі келеді. Бұл – менің келе сала алған бірінші үлкен рөлім. 
Жастар театрының мерейлі маусымындағы тағы бір жаңа қойылым – балаларға арналған  «Алтын мүйізді киік» ертегісі. Сондай-ақ театр ұжымы тағы бір тәжірибелік жобаны қолға алыпты.
Сәбит Әбдіхалықов, қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының диекторы
-«Түнгі қала» деген пьесаға тапсырыс беріп, жаздырып жатырмыз. Кешке қыдыруға шыққан, түнгі қаланы жақсы көретін жастарымыз театрға келіп, «Түнгі қала» деген спектакль көрсе деген мақсатта жұмыс жасап жатырмыз. 
Театрдың 70 жылдығына орай алдағы уақытта Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклі сахналанбақ.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Серік Бақбаев

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мүсірепов театры «Ұмытыңдар оны…» қойылымын сахналады

admin

«Алтын сақа» жаңа қойылымдар фестиваліне шақырамыз!

admin

Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Астанаға келді

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ