Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Директор театра

admin

Азамат Сатыбалды

Туған кезі: (күні, айы, жылы): 02.11.1977 ж
Туған жері: Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
1997-2000 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр және кино актер» мамандығын тәмамдаған.
2000-2001 жж. Дипломдық жұмысын қорғауға орай, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына жіберіледі.
Еңбек жолы:
2001 ж. бері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет атқарады.
2018 ж. 27 желтоқсаннан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды.
Сахнадағы негізгі рөлдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» – Айдар, «Қарагөзінде» – Нарша, «Еңлік-Кебегінде» – Кебек, «Қилы заманында» – Хлыновский, Д.Исабековтің «Жау жүрегінде» – Долгоносов, Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» – Қозы, Т.Нұрмағамбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» – Түрікмен, «Ескі үймен қоштасуында» – Доскел, И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» – Ғазиз, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» – Коля, Т.Әбдіктің «Ардагерінде» – Ұлы, Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарысында» – Бейбарыс, Ж.Ерғалиевтің «Қас-қағымында» – Дәрігер, И.Ғайыптың «Қорқыттың көрінде» – Қорқыт, Қ.Мұраттың «Бақыттың кілтінде» – Бауыржан;
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:
У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» – Тибальт, «Гамлетінде» – Гамлет, Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» – Эгмонт Клаузен, Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» – Фархад, М.Байджиевтің «Қылмысында» – Сағын, А.Володин «Қоштасқым келмейдіде» – Митя Лавров, А.Чехов «Сүйікті менің ағатайымда» – Войницкий;
Мемлекеттік марапатттары:
2002ж. «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты»;
2014ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;