Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Камалия Байтілеуова

admin

Актриса

1967 жылы 28 қарашада Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.

1984-1988жж. Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтының «Драма және кино актері» мамандығын тәмамдаған.

1999-2002жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығын бітірген.

Еңбек жолы:

1988-2000жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жастар мен балалар театрына актриса болып жұмыс жасайды;

2000-2017жж. «Терісқақпай» комедия театрында актриса болып еңбек еткен;

1998-2008жж. аралығында «КТК» телеарнасында тележүргізуші қызметіне қабылданып, «Күн дерек» ақпарат бағдарламасын жүргізген;

2001-2011жж. «Еуропа + Қазақстан» радиосында жаңалықтар жүргізушісі;

2011-2014жж. Т.Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА Театр факультетінде «Актер шеберлігі және режиссурадан» дәріс берді;

2012-2014жж.  «Алматы» телеарнасында  «Жаңалықтар» хабарын жүргізді;

2011-2017жж. «AR» продакшн студиясында «Kazah TV» бағдарламасының диктор-редактор қызметін атқарған;

2017 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актриса болып қайта қабылданады;

Ойнаған рөлдері:

Абай «Қалың елім қазағым»  – Тоғжан, С.Асылбекұлы «Рабиғаның махаббаты» – Рабиға, С.Сматаев «Зар заман» – Қолаң, М.Жұмабаев «Күн шығады да, батады» – Қалмақ қызы, И.Ғайып «Жел жуан» – Сұлу, «Алтын ажал» – Қыз, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш» – Періште, И.Сапарбаев « Ауылдан келген ару» – Гүлдана, Ә.Тарази «Індет» – Пәкизат, Т.Нұрмағанбетов «Біз түрікпіз» – Түрік қызы, Ә.Сарай «Мұңым менің» – Назкен, А.Кирий «Зона немесе шие бөрілер» – Қыз, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» – Биші, Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» – Биші;

Балаларға арналған қойылымдарда:

С.Балғабаев «Мико, Жымбала және қасқыр» – Ботагөз, Ө.Боранбаев «Бәрінен күшті қорқақ көжек» – Күшік, С.Маршак «Жаңа жылдық Бәйшешек» – өгей шеше;

Марапаты:

1997ж. ҚР Президенттік стипендия иегері