Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ХАС ТАЛАНТҚА ТАҒЗЫМ

Алматыда Қазақстанның Халық артисі, театр және кино актері, марқұм Қасым Жәкібаевқа арналған ескерткіш-тақта орнатылды. Танымал актердің құрметіне орнатылған тақта Саин мен Райымбек батыр даңғылдарының қиылысындағы тұрғын үйге қойылды. Марқұмның өзі тұрған үйдің қабырғасына қағылған тақтаның ашылу рәсіміне еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. 
Қасым Жәкібаевтың актерлік шебер­лігіне шек жоқ. Өйткені кей жұртқа театр қойылымдары арқылы етене таныс болса, енді бірінің есінде кинодағы рөлдері ерекше қалған. Тума дарын театр сахнасында жүріп 300-ден аса рөлді сомдаған. Соның ішінде, Полоний
(У.Шекспир «Гамлет»), Вурле (Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махабба­т»), Қайрақбай (С.Мұқанов «Мөл­дір махаббат»), Бүкір (С.Бодықов «Отырар ертең қирайды»), Тоқай (Ғ.Мүсірепов пен Қ.Ысқақ «Ұлпан – Есеней»), Шыңғыс хан (Ш.Айтматов пен М.Ша­ха­нов­ «Миғұла терісі үстін­де­гі сот»), Қонқай (Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты»), Әлібек (Ш.Айтматов «Арманым, Әселі­м») т.б. Марқұм актер еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейінгі рөлдерді сом­дап, қазақ театр тарихында өзіндік қол­таң­­ба­сын қалдыра білген дарынды тұлға. Жәкі­баевтың кино саласындағы қал­дыр­ған іздерін де атап өткен жөн болар. Мәселен, «Дерсу Узала», «Жансебіл», «Қан мен тер», «Үшеу», «Дәнекер», «Оты­­рар», «Махаб­бат станциясы», «Тоғыс­­қан тағдырлар» фильм­деріндегі рөл­дері кино өнері тарихында, көрерменнің жа­дын­да мәңгі есте қалары анық.
Бұдан бөлек, Жәкібаев білімімен, асқан даналығы мен көрегенділігімен белгілі. Ол оқымаған кітап аз, тіпті көптің қолына түсе бермейтін туындыларды іздеп тұрып оқиды деседі. Бұл пікірдің растығына өмірдегі әрі өнердегі жақындары куә. Өйткені алдына келген жан «осы кісі кемшілігімді көріп қалмаса игі» деп қымсынып тұрады екен. Көзі тірісінде ағалы-інілі болып бірге жүр­ген­д­ердің бірі – актер Қадырбек Деме­сін. Тақтаның ашылуына келген Қадырбек ағамыздан бір үзік сыр тартқан едік. «Қа­сым Жәкібаев деген есімнің өзі көп дүниені ай­тады. Қазақтың қайталанбайтын, орны бөлек, қайсар тұлғасы. Ең алдымен бұл кісі­нің адамгершілігін айту керек. Оның ешкімге ұқсамайтын, адамдық турасын­да­ғы ұстанымдары бар еді. Одан кейін Құдай­дың берген таланты – актерлік жұмысы. Оны мен айтпай-ақ халық жақсы біледі. Студент­тік кезімнен мені өзіне шәкірт етіп, жанына алып жүрді. Маған «Қазақта Қасым деген кім екенін білесің бе?» деп сұрайтын. Сонда­ғы­сы оның қандай ұғым беретінін сұрағаны ғой. «Қасым – хас сұлу, келбетті деген сөз. Соны оқып алып, айна­ға қарай­мын. Қара­сам, жартылай қалмақ, жартылай якут бір­деңе екенмін» деп өз бет-пішінін сипаттап, күлдіріп отыратын. Қасым ағамыз терең ойлай білуімен ерек­ше­ленетін. Ол тереңдік немен келеді – біліммен, оқумен ғана. Бұл кісінің басқа­лардан тағы бір айырмасы – орыс тіліндегі әдебиеттерді өте көп оқитын. Соның арқасында сөйлеген сөзі құнарлы да мәнді шығатын. Біз секілді жылтыраққа әуес емес, бәрін әріден, тереңнен қазатын. Тарих­ты да жақсы білетін. Бірақ басына түс­кен тағдыры қиын болыпты. Оны біз кейін­нен ғана естідік. Бір таңғалатыным, соның ешбірін білдірмейтін. Қандай қайсарлық десеңізші? Білдей бір ұжымда жан баласына басындағы қиындықты айтпаған. Іші қан жылап жүрсе де, түк бол­ма­ғандай жұмысын істеп жүре берген екен ғой. Өмірінің соңғы жағына қарай ғана жұрт шет жағасын ести бастады. Көпшілік не көңіл айтарын, не жұбатарын білмей дал болды. Түрмеде қайтыс болған баласы есі­не түсіп кеткенде мені құшақ­тап жылаушы еді. Басында бұл қылы­ғын онша түсін­бей­тін­мін. Сөйтсем, көзіне елестейді екен. Үнемі ойында жүретін болып тұрғаны ғой. Шы­ғармашылығындағы дара­лы­ғы да мә­лім. Мұндай актерлер бізде санау­лы ғана. Нұр­мұхан Жантөрин, Шәкен Айма­нов секілді тұлғалардың қатарында бұл кісі. Өзі: «Айма­нов пен Қуанышбаевтар тұрған­да, біз кім­біз?» деп отыратын. Бір қарағанда көп нәр­се­ні ішіне сақтағанымен, томаға тұ­йық та адам емес еді. Өз талан­тына бай­ла­нысты мі­незді актер еді. Бір планда ой­най­тындық­тан «Аға, осы біз қандай акте­р­міз?» деп сұрай­тынмын. «Өй, біз прос­­то так комик­піз ғой» деп күлетін. Көр­ді­ңіз бе, қандай қара­па­йым? Кез келген рөл­ге жан-тәнімен бері­ліп, астары­на үңіліп тұрып ойнайтын. Көр­­гені мен біл­генін іштей қорытады да, жаңа өнім шығарады. Осы қасиеті үшін оны зауыт­қа теңеуге бола­ды. Сапалы актер деп Қа­сым ағаны айтар едім. Осы мектептің бү­гін­де үзі­ліп бара жат­қа­нынан қорқамын, уайымдай­мын. Ғасырда бір келетін тұлғаға қандай құр­мет көр­сетсек те, артық етпейді» деп ағы­нан жарыл­ды театр және кино актері Қадырбек Демесін.

 Жадыра АҚҚАЙЫР

Ақпарат көзі: https://aikyn.kz/2017/10/05/28856.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

АЛАТАУДАЙ АҒАМЫЗ ЕДІ

admin

People and Technology to PC Tablet Computer Screen

admin

Мүсірепов театры 70 жылдық мерейтойы аясында, қаламыздан алшақ орналасқан ауыл-аймақтардағы, елді-мекендердегі көрерменге өздерінің көшпелі қойылымдарын ұсынуды қолға алған. Осыған орай, бүгін 15.00-де Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының Мəдениет үйінде С.Сматаевтың “Көгілдір такси” мелодрамасы патша көңілді көрерменге жол тартты. Рухани қазына ортасы – театрға ат басын бұрып тұрыңыз!

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ