Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ержан Жарылқасынұлы

admin

1975 жыл 8 ақпанда, Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында дұниеге келген.
1998 жылы Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтындағы (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) театр факультетінің, театр және кино актеры мамандығын тәмамдаған.
1998 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актерлық қызметке қабылданды.
Ойнаған рөлдері:
А.Толстой «Алтын кілт» балаларға арналған ертегі – Карабас-Барабас, Ш.Айтматов «Жан азабы» адами-әфсана – Жоламан, О.Дастанов «Әзірет Сұлтан» драма – Юсуф, Д.Исабеков «Ескерткіш» операциясы» комедия– аудармашы, А.Кирий «Зона немесе шиебөрілер» траги-фарс – «93-2», Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» комедия – Арыстан.
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» трагедия – Ақан сері, У.Шекспир «Махаббат айдыны» итальяндық фреска – Ромео, И.Вовнянко «Стриптизердің өлімі» қылмыстық хроника – Артист-стриптизер, О.Бөкей «Атау-Кере» драма – Таған, С.Жүнісов «Тұрымтайдай ұл еді…» тарихи драма – Әбілмансұр (жас Абылай), Т.Теменов «Алма бағы» лирикалық драма – Марат, Л.Егембердиева «Алғашқы танго» – Батырбек, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбай