Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Елордада «Аманат» деп аталатын концерт-спектакль қойылады 

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры және Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі көрермендерін жаңа жобамен қуантпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Екі ұжым бірігіп «Аманат» деп аталатын концерт-спектакль қояды. Бұл жайында Халықаралық театр күніне арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Айта кетейік, бүгінде елімізде 68 театр бар. Оның 51-і мемлекеттік, 17-сі жекеменшік. Тек тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда 20 театр ашылған. Биыл республикалық деңгейде екі бірдей фестиваль өткізу жоспарланып отыр. Оның алғашқысы Қазақстанның халық әртісі, театр және кино қайраткері Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналады.
Екіншісі – этникалық театр байқауы.
Азамат Сатыбалды, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:
– Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес, бабаларымыздың аманатын жеткізу барысында «Аманат» атты концерт-спектакльді ұсынамыз. Бұл алғашқы жоба болып саналады. Өйткені мұндай жоба болмаған. Біз көрермендерге көрсеткіміз келеді. Актерлердің ән айтып, би билейтінін, поэзия оқып, монолог оқып, бірлескен жобаны жоғары деңгейде көрсеткіміз келеді.

Ақпарат көзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/305079-elordada-amanat-dep-atalatyn-kontsert-spektakl-ojylady

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Өзекжарды» хабарының қонағы – Жібек Бектемір

admin

Мүсірепов театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Райымбек! Райымбек! тарихи драмасын сахналайды

admin

АСЫЛ АЗАМАТ — АЛТЫНБЕК

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ