Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ДИНАРА НҰРБОЛАТ

admin

1991 жылы 17 сәуірде БҚО, Орал қаласы, Ақжайық ауданында дүниеге келген.
2007 – 2011 жылдар аралығында Орал қаласы Құрманғазы атындағы саз колледжін актер өнері мамандығы бойынша тәмамдады.
2011 – 2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер ака-демиясында музыкалық драма актері мамандығы бойынша білім алды.
2014 жылы Италияның Санта-Чечиллиа академиясында вокалдан дәріс алған.
2015 жылдан бері, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса ретінде қызмет етеді.
Ойнаған рөлдері:
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Ботка,   Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – үлкен Мекиен, О.Жанайдаров «Жастық туралы…» – Пеппи, Ә.Нұрпейісов «Сең» – қыз, М.Горький «Шыңырау» – Анна, Б.Есенәлиев «Базарың тарқамасын» – Қытай саудагері, С.Балғабаев «Енелер мен келіндер» – Ақмарал, Ж.Әлікен «Құпия» – меңгеруші, Р.Отарбаев «Ғабит» – 2-ші әйел, М.Ладо «Адам-Зат» – Қошақан, т.б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
М.Ахманов «Наурыз думан» – тышқан, С.Қасымбек «Батыл көжектер» – Тиінтай, көжек, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Меңсұлу, Е.Әбдірешов «Алтын мүйізді киік» – Ертегі, Р.Киплинг «Маугли» – биші қыз, Б.Дәуренбеков «Томпақпен келген Жаңа жыл» ертегісінде – Томирис, С.Маршак «Жаңажылдық бәйшешек» – Жаз, Г.Х.Андерсен, Е.Л. Шварц «Мұз патшайымы» – қарақшы қыз, орыс халық ертегісі «Туған күн» –  Шәңкілдек, т.б.