Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Данияр Базарқұлов

admin

%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f%d1%80-%d0%b1%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%80%d2%9b%d2%b1%d0%bb%d0%be%d0%b2

Туған кезі (күні, айы, жылы): 16.11.1981 ж.
Туған жері: Алматы қаласы.
1998-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Музыкалық драма театрының актері» мамандығы бойынша бітірген.
2002-2010 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында актер болып еңбек етті.
2010 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып жұмыс істейді.
2018 жылдан 2019 жылға дейін Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында көркемдік жетекші қызметін атқарды.
2020 жылдың наурыз айынан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында көркемдік жетекші міндетін атқарады.
Д.Базарқұлов пен театр актеры Е.Кәрібаев екеуінің бірлескен жеке жұмысы – «Ол» моноспектаклі актердың режиссерлыққа деген талабына қанат бітірді. Моноспектакль – көрермендердің сұрауымен бірнеше мәрте ұсынылып, 2016 жылдың мамыр айында «Дидар» ІІ Халықаралық театр өнерінің эксперименттік фестиваль-лабораториясында «Ең үздік қойылым» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, 2017 жылдың сәуір айында «Ол» психологиялық драмасы Ақтөбе қаласында өткен ІІ Республикалық «BALAUSA» экспериментальдық спектакльдер фестиваліне қатысып, актер Д.Базарқұлов «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясына ие болды.

Д.Базарқұловтың режиссерлығымен сахналанған спектакльдер:
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында:
«Шыңырау» драмасы (авт.М.Горький, ауд.Е.Оспанов);
«Аманат» концерт-спектаклі (сценарий авторы: А.Көлбаева);
«Адам-Зат» (авт.М.Ладо, ауд.Қ.Төлеуішов);
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында:
«Черная бурка» притча (авт.Г.Хугаев);
Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыка-драма театрында:
«Соңғы Мамонт» пьеса-фантазия (авт.А.Ихсан);
Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында:
«МЕН» спектаклі (авт.С.Мрожек, ауд.Қ.Төлеуішов;)
 
Д.Базарқұловтың  режиссерлығымен сахналанған спектакльдер үшін, жүлделі орындар табыстаған байқаулар тізбегі:

  1. Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалінде «Шыңырау» спектаклі – «Үздік режиссерлік дебют»;
  2. 2018 жылы Ақтөбе қаласында Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған «BALAUSA» экспериментальдық спектакльдер фестивалінде «Шыңырау» драмасы – «Ең үздік спектакль»;
  3. 2019 жылы Семей қаласында Ә.Өмірзақованың 100 жылдығына орай өткен XXVII фестивалінде “Адам-Зат” спектаклі – «Ең үздік қойылым»;

Ойнаған рөлдері:
Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында:
Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі»- Әзірейіл, «Махамбет» – Қайыпқали, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Ромео, Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» – Ол, Р.Отарбаев «Нашақор» – Жалқытай, Т.Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» – Доскел, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Қасым, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Кубик, Э.Олби «Зоопарк»- Джерри, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Қуқар, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақжігіт, «Алтын көрсе періште…» – Нәдір, М.Байджиев « Дуэль» – Ескендір, «Шойын қатын» – Әлімбай, «Шыңғыс ханның ақ бұлты» – Әбутәліп, Камю «Калигула» – Калигула, т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында:
В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Федеровский, Т.Ахтанов «Күшік күйеу»-Кубик, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»- Мылгун, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Дулат, Иран-Ғайып «Фатима» – Біләл Сүлеев, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Марат, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – қара киімді, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Тұзар, Т.Ахтанов «АНТ» – Жанарыс, т/б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
Ө.Боранбаев «Ер көжек» – қасқыр, М.Ахманов «Наурыз думан» – барыс, т/б.

Марапаттары:
2009 ж. Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінің лауреаты
2010ж. Халықаралық Орта Азия елдері театрлар фестивалінде «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері.