Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Белгілі актерлер А.Төлепов пен А.Өтепберген енді Ғ.Мүсірепов театрында өнер көрсететін болды

http://www.inform.kz/kaz/article/2811366

26 Тамыз 2015, 14:21

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жаңа маусымның дайындығына кірісті. Бұл маусымның бір жаңалығы – қазақ жастары арасында аса танымал актерлер Асылхан Төлепов мен Аян Өтепберген енді осы театр сахнасында да өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне театрдың бұқаралық ақпарат құралдармен байланыс жөніндегі маманы Мая Әділхан хабарлады.

«Мүсірепов театрының ұжымы жаңа маусымның ашылуына дайындықты бастады. Алда атқарар жұмыстар, тың идеялар, шығармашылық ізденістер көп болмақ. Сонымен қатар театрымыздың актерлер құрамы Аян Өтепберген және Асылхан Төлепов сынды талантты жігіттермен толықты», – дейді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмінде басты рөлдерді сомдап, көрермен ықыласына бөленген. «Жау жүрек мың бала» тарихи картинасы – қазақ киноиндустриясында бірнеше рекорд орнатқан фильм. Себебі 2012 жылы премьерасы өткен соң фильмнің кассасы бірнеше күн ішінде 1 миллион долларға жуық пайда тапқан.

Сонымен қатар кинотеатрлар тұңғыш рет қазақ тіліндегі фильмнің прокатына сұраныс арттырған. Прокатқа берілген кезде фильмнің 70 пайыз көшірмесі ана тілімізде, 30 пайызы орыс тілінде таратылған. Алайда, кинотеатрлар қазақ тіліндегі көшірменің жетпей жатқанын айтып, фильмнің ана тіліміздегі нұсқасын қосымша сұратқан болатын.

Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

А.Маемировпен сұхбат: Театр өнерінде қазақы нақыштағы үн сиреп барады

admin

Балаларға арналған қызықты ертегі назарларыңызға ұсынылады!!! Касса: 271-42-37 Онлайн билеттерді ticketon.kz, толық ақпаратты teatr-musrepov.kz сайтынан ала аласыздар! Томпақпен Жаңа жылды бірге қарсы алайық!

admin

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР Парламенті мәжілісінің жаңа құрамымен Кездесуінде тапсырған мақсат-міндеттер

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ