![]() |
![]() |
![]() |
Байғали Есенәлиев
«Базарың тарқамасын» ( музыкалық драма )
Қоюшы-режиссері – Жұлдызбек Жұманбай
Қоюшы-суретшісі – Алтынай Жүсіпәлі
Композиторы – Ғалымжан Секеев
Хореограф – Карина Джиренбаева
Режиссердің ассистенті – Бейбіт Камаранов, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Режиссердің көмекшісі – Әлия Әбсаттарова
Қазақ топырағында тұңғыш рет өткен «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына арнап қойылған бұл сахналық қойылым – қазақтың сал-серілері, ақын-жыршылары мен батыр-балуандары өнер көрсеткен «Дала театрын» қайта жаңғыртты.
Ашық аспан астында өтетін атышулы «Қоянды» жәрмеңкесінің қайнаған қан-базарынан сыр шертетін «Базарың тарқамасын» музыкалық драмасының сипаты басқа…
Спектакльдің премьерасы: 24 маусым, 2017 жыл