Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Батыл көжектер

admin

Сая Қасымбек

«Батыл көжектер» (музыкалық ертегі)

Қоюшы-режиссер-Сағызбай Қарабалин ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы-суретшісі – Серікқан Омаров ҚР Мәдениет қайраткері
Хореограф – Ринат Билибаев
Музыкамен әрлеуші – Динара Әбікеева Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
«Батыл көжектер» музыкалық ертегісі – Жаңа Жылды асыға күткен ертегінің бас кейіпкерлері Зукөжек, Ақкөжек және Тиін мен Көксерек айлакер Түлкінің өзін алдап, Аяз Ата мен Ақшақарды құтқаруға қиын да қызықты сапарға аттанады. Аң патшасы Арыстанның мұз сарайына тап болған олар таңғажайып көріністердің куәсі болады. Барлық қиындықтарды жеңген достар Жаңа Жылды көңілді қарсы алады!
Бұл қойылымды көріп отырып таңғажайып көріністердің куәсі болатыныңыз сөзсіз!
Спектакльдің премьерасы: 21 желтоқсан, 2014 жыл