Дүйсенбі, Желтоқсан 9, 2019
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Балалар мен жасөспірімдер театрында фарс-комедияның премьерасы өтті

02.07.2015

http://www.shyn.kz/article/view?id=1628

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Құстар фестивалі» фарс-комедиясының премьерасы өтті.

Белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековтың бұл қойылымын Сафуан Рысбайұлы сахналайды. Спектакльдің қоюшы-суретші – Қуат Түстікбаев болса, композиторы – Болатбек Нұрқасымов. Балетмейстер – Ринат Билибаев, сахна сайысын қойған – Мақсат
Белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековтың бұл қойылымын Сафуан Рысбайұлы сахналайды. Спектакльдің қоюшы-суретші – Қуат Түстікбаев болса, композиторы – Болатбек Нұрқасымов. Балетмейстер – Ринат Билибаев, сахна сайысын қойған – Мақсат Рахметов.
«Білімсіздерді алға оздырғаны үшін білімділердің жауап беретін кезі келеді…»
Адам мен адам арасындағы пендешілік талас пен тартыстың, дау-дамайдың саябырсыған кезі бір болған емес. Спектакль – адамзат пен қоғам пайда болғаннан бергі, кеңінен орын алған теңсіздік, әлділердің әлжуаздарды билеп-төстеуі, соның нәтижесінде туындайтын пендешіліктің адами қасиеттермен тартысы жайлы. Спектакль орманда өтетін құстар фестивалінен бастау алады. Бүркіт, бұлбұл, жапалақ, ата қаз, сауысқан, мекиен, тауыс, көөке секілді құстар бар. Әтеш шақырып, қарғалар қаңқылдап, сауысқандар саңқылдағанмен, бәрібір бұлбұлдың үні басым шығып, жеңіске жететініне риза боласыз… Фестивальге бұлбұлды қатыстырмау үшін, қарғалар оны байлап тастайды. Бұл дегеніңіздің өзі өмірде кездесетін жағдайлардың бірі екендігі анық… Қойылымда Ержан Жарылқасынұлы, Әсет Иманғалиев, Бейбіт Қамаранов, Гүлбахрам Байбосынова, Ербол Ідірісов, Жанар Мақашева, Толқын Нұрбекова, Елдарт Отарбаев, Мақсат Сәбитов және т.б. актерлер құрамы өнер көрсетеді.

07082015_3 07082015_2 07082015_4

“Шын-ақпарат”

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЕАТР САҢЛАҒЫ 90 ЖАСТА

admin

Театрымыздың қойылымдарын сағынған қадірлі көрермен, театрға келіп рухани байып қайтыңыз!

admin

Асылхан Төлепов: Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ