Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың туғанына 100 жыл

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2015 жылдың 27-28 қарашасында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті режиссер және ұстаз Асқар Тоқпановтың 100 жылдығына арналған салтанатты шара өткізеді.

Мерейтой барысында төмендегі шаралар ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр:
27 қараша сағат 10:00 – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Мажарстан ғалымдары, өнертанушылары және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен Асқар Тоқпановқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және кітап көрмесі;
– 27 қараша сағат 15:00 – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында мерейтой иесінің жақын туыстары мен шәкірттері, министрліктер мен ведомстволар басшылары, облыстық, қалалық әкімдіктің жауапты қызметкерлері, депутаттар, сонымен қатар халық артистері мен мәдениетке еңбек сіңірген қайраткерлердің қатысуымен еске алу кеші;
– 28 қараша сағат 9:00 – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы студенттеріне арналған шеберлік сыныптары.
Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат қазақ театр өнерінің дамуына орасан үлес қосқан көрнекті режиссер және ұстаз Асқар Тоқпановтың мұрасын насихаттау және еліміздің мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру болып табылады.

Салтанатты іс-шараға Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұқан Обаев сынды қазақ сахнасының майталмандары мен Александр Бармак, Мухаббат Туляходжаева, Исрафил Исрафилов, Кисс Пирошка сынды театр өнерінде өзіндің орны бар шетелдік қонақтар қатысады.

Қосымша ақпаратты «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ 8-7172-44-93-65 телефоны арқылы алуға болады.

Ақпарат көзі: http://baq.kz/kk/blog/article/8889

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мүсірепов театры екінші жыл қатарынан Алматы облысы, Іле ауданы әкімшілігімен бірлесіп, “Театр – өмір айнасы” атты іс-шара өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл да осы мәдени іс-шара өз жалғасын табуда. 10-қараша сағат 12.00-де Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе” ертегісі, сағат 15.00-де И.Ғайыптың “Естайдың Қорланы” махаббат-намасы; 11-қараша күні сағат 12.00-де Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе” ертегісі, сағат 15.00-де “Күшік күйеу” комедиясы Іле ауданы көрермендері үшін сахналанбақ.

admin

Театр және кино актеры Рахман Омаровтың құттықтауы.

admin

Біздің ұжым! Театр директоры – Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сəбит Əбдіқалықов; Театр актрисасы – ҚР еңбек сіңірген артисі Лидия Кəден; Театр директорының бірінші орынбасары, Мəдениет қайраткері Талғат Есеналиев.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ