Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР Парламенті мәжілісінің жаңа құрамымен Кездесуінде тапсырған мақсат-міндеттер

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артистері, шығармашылық және өндірістік құрам қызметкерлері

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылдың 15 қаңтарында Мәжілістің жаңа құрамымен өткен кездесуі жөнінде БАҚ құралдары арқылы көріп, танысып, төмендегідей мәселелерге қанық болды.

Кездесуде, Қ.К.Тоқаев: «Ең басты, негізгі міндет – азаматтардың тұрмысын жақсарту» тапсырма-мақсаты екендігін баса айтты. Бұл үшін төмендегідей бағыттар бойынша, әр салаға арнайы әлеуметтік жобалар әзірленуі керектігіне тоқталды.

Ел Президенті Мәжіліске сайланған депутаттардың жаңа құрамы алдында, мынадай бес негізгі тапсырмаларды алға тартып, биылғы жылдың негізгі мақсаты етіп қойды.

  1. Әлеуметтік әл-ауқат мәселесі

Мемлекет басшысы әлеуметтік қауіпсіздік саясатын қалпына келтіру

қажет екенін айтты. Сонымен бірге, көмек көрсетуге бағытталған ізгі жұмыстарды жалғастыру және күшейту керек екендігіне де тоқталды. «Әзірленіп жатқан әлеуметтік Кодекс осы маңызды әлеуметтік саланың дамуына жауап береді», – деді ол.

  1. Сот жүйесі

Сот жүйесі реформалау керектігі, Жоғарғы сот жүйесінің тұрақты

жұмысына қарамастан, әлі де атқарылар жұмыстар бары, сот саласы жабық корпорация болмауы керектігі де, Президенттің күн тәртібінде отырыс алдына қойылған тақырып төңірегінде айтылды.

  1. Жастарға инвестиция салу

«Әлем білім экономикасына бет бұрып, білімді жастар көбейіп, алға ұмтылуда. Бұл шындық. Бүгінгі балалар мен жастар 2050 жылға қарай елдің нарығын қалыптастырады. Елдің әл-ауқаты олардың бәсекеге қабілетті-лігінен анықталады. Жастарға салынған инвестициялар бірнеше есе ақталып, мемлекетіміз үшін жеміс береді», – деген Президентіміз – Тоқаевтың сөзі, болашағымыз, ұрпағымыз үшін алаңдамай, Ел Үкіметіне нық сенім артуға үлкен серпіліс сезімін тудырды. Бұл үшін де осы бағытта арнайы Жоба жасақталу керектігін атап өтті.

  1. Денсаулық және спорт

«Дамыған елдің басты байлығы – ол, ел азаматтарының денсаулығы. 2025 жылға қарай біз өз тұрғындарымыз үшін инфрақұрылымдық және дамыған жағдай жасауымыз керек. Басқа бағыттар бойынша біз де қажетті жұмыстарды жүргізетін боламыз», – деп атап өтті, Мемлекет басшысы. «Денсаулық сақтау жүйесі пациенттерге бағытталған болуы керектігі» – басты назарға алыну тиістігі емделушілер мен сырқат жандардың бірден-бір арқа сүйеп, медицина саласына үміт артқызар арқау-сөз болды.

Салауатты өмір салтын ұстану, дені сау ұрпақ, кемел ұлт қалыптастыруды басты назарда ұстау, ол үшін, спортқа көңіл бөліп, балалар спортын дамыту ісін қаржыландыру және жандандыру мәселесін қайта қарау керектігі назарға алынуы керектігін тапсырды. Бұл тапсырманың орындалуы мен қадағалануы депутаттардың бақылауында болуы керектігі де атап өтілді.

  1. Кәсіпкерлікті қолдау

Кәсіпкерлікті қолдау ең әуелі, салық саясатынан бастау алатынын

Президентіміз баса айтып, бұл тұрғыда салық саясатына тексеру жүргізілуі қажеттігі, шағын кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудару қажеттігі, сондай-ақ, кәсіпкерлікті толық қолдауды дамыту тұрғысында жасалып жатқан: 2021 жылы маусымда енгізілетін маңызды заң жобасын Үкімет дайындап жатқанын да тілге тиек етті.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың бұл бастама-тапсырмасы нәсібін кәсіптен іздеп, ырыс пен берекесін ізденіп тауып-теріп, өз бетінше талаптанып-еңбектеніп, табыс тауып, сонымен қатар, сол жұмысының нәтижесінде көптеген ел азаматтарына жұмыс орнын беріп, көмектесіп, кәсіпкерлікті дамытып жүрген азаматтар үшін, тіпті де қуанышты, жағымды хабар болды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Өзекжарды” радио-бағдарламасының қонағы Бақыт Беделхан.

admin

Театр және кино актері, режиссер Мұрат Ахманов: «Орал театрының біз үшін орны бөлек»

admin

Алматыда Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы тойланды

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ