Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Асылхан Төлепов: Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді

Өнер иелерінің арасында спортты да қатар алып жүргендер жетерлік.  «Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы Асылхан Төлепов – таэквондодан қара белбеу иесі. Спорттық дайындығы оған ержүрек, шымыр кейіпкерлердің рөлінде ойнауға мүмкіндік береді.

Ол кинода Сартай батырдың, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың рөлін сомдаса, жаугершілік заман батырлары – оның театрдағы образдары.

Халықтың сүйіктісіне айналған актер жуырда көрермендерімен кездесті.

Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 70-ші маусым басталысымен «Кейіпкер келбеті» жобасын қолға алған. Соның аясында көрермендер театрдың бірқатар әртістерімен жүздесіп, пікір алмасты.

«Қандай рөл болсын бас тартпаймын. Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді. Өйткені, бұл – менің мамандығым. Кіші рөл болмайды, кішкентай актер болады. Кішкентай рөлді үлкен қылып көрсету де – біздің қолымызда», дейді актер.

Актер Сартай батыр бейнесіне қатысты айтылған сындарды қалай қабылдады? Сахнадағы әріптестері ол туралы қандай пікірде? Отбасы қандай, ортасы кімдер? «Таңшолпаннан» біліңіз.

Ақпарат көзі: http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/portal/asylhan-tolepov-zhagymsyz-keiipkerlerdi-de-somdagym-keledi-video

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Театр майталмандары – буындар сабақтастығы”

admin

Құттықтаймыз!!! Қазақ театры жасасын!!!

admin

Супер Серкеш

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ