Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Министрліктің жаңалықтары

Астанада жаңа театр маусымы ашылды

Астана, BAQ.KZ. Театр сүйер қауым үшін қуанышты жаңалық – елордалық театрларда кезекті маусым ашылды. Бұл туралы Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ХХVIII театр маусымын Мұхтар Әуезовтың «Абай» драмасымен бастады. Театр фойесінде арнайы көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына «Қалибек Қуанышбаев театрының» экспонаттары ұсынылды.

Аталмыш театр қазақ театр өнерінің негізін қалаушының туған жері Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан.

Биыл Қаллеки театры ұлы актер, кәсіпқой театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Қалибек Қуанышбаевтың 125 жылдығын тойлайды. Көп жылдан бері театр ұжымының репертуарындағы басты шығарманың «Абай» драмасының болуы да кездейсоқ емес. Актердің өмірінде нақ осы ұлы ойшылдың рөлін сомдау маңызды рөл атқарғандығы ешкімге де құпия емес.

Қойылымның режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. ҚР халық актері Тілектес Мейрамов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуілов Абайдың жас және кәрі шақтарын сахнада шебер сомдады.

ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов биыл 70-ке келеді. Актердің мерейтойына арнайы «Қардағы көгершіннің ізі…» қойылымы қойылды, оны Алматы мен Қарағанды облысының көрермендері тамашалап үлгерді.

Спектакль Астанада қараша айында көпшілік назарына ұсынылады деп жоспарланған.

Жаңа маусымда театр астаналықтардың ыстық ықыласына ие болған спектакльдерден өзге де туындыларды көрсетпек.

Мельпоменаның көне храмы – М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 118-ші театр маусымын «Отец» спектаклімен ашты. Бұл қойылым Максим Горькийдің «Последние» пьесасының желісімен қойылып, ұлы орыс жазушысының 150 жылдығына арналады. Қоюшы-режиссері – литвалық режиссер Йонас Вайткус. Театр қызметкерлері онымен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді.

«Отеу» – антрактсыз 4 актілі трагедиялық балаган жанрындағы спектакль. Шығармада қазіргі заманғы қоғамдағы отбасының рөлі мен статусы тақырыбы көтеріледі.

Горький театры қонақтарын жаңа маусымда әдеттегідей классикалық музыкамен, тәтті-дәмділермен қарсы алды. Артистер мен көрермендер арасында жылы қарым-қатынас орнады. Сонымен қатар, шара аясында театрдың бас қоюшы-суретшісі Қанат Мақсұтовтың және гример Дарияш Қасымованың еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.

«Жастар» театры 20 қазанда өтетін ХІІ театр маусымының ашылуына дайындық үстінде. Бұл күні көрермендер Ғабит Мүсіреповтың қазақ халқының ең танымал ғашықтар жыры Төлеген мен Жібектің махаббаты туралы «Жібек» мюзиклін тамашалайды. Евгений Брусиловскийдің заманауи өңделген классикалық музыкасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың қойылымында жаңаша орындалады.

Жастар театрының мюзиклі Оңтүстік Кореяда Тэгу мәдени орталығында ХІІ халықаралық фестивальде арнайы диплом алғаннан кейін көпшілікке танымал болды. Мұнымен қоса, Қазақстанның халық артисі, режиссер, театрдың еңбек сіңірген актері Р.Сейітметовтың 80 жылдығына арналған қазақстандық драма театрларының фестивалінде «Махаббат туралы аңыз» «Үздік спектакль» номинациясында Гран-при жеңіп алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Вице-министр: Туризмді дамыту бағдарламасы сөреде жататын құжат болмауы тиіс

admin

«Til-Qazyna» республикалық ақпараттық танымдық газетінің таныстырылымы өтті

admin

Мәдениет және спорт министрі Отырар ауданына іс-сапармен келді

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ