“АРМАНДАПСЫҢ, АҚТОҚТЫ!” Райхан Қалиолдина жастық шағында қазақ драматургиясының классигі Ғабит Мүсіреповтың өзінен бата алған. Ол “Ақан сері – Ақтоқты” спектаклінің тұсаукесерінен кейін шымылдық сыртындағы жас актрисаға арнайы барып, “Ақтоқтының” қолынан қысып, маңдайынан иіскеп, “Нағыз менің Ақтоқтым” деген екен.