Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Арда өнердің алтын қазығына — 70 жыл

Жапон режиссері Тадаси Судзукише айт­сақ, «Қойылымның жетістігі — көрерменінің көп болуында». Бұл тұрғыда Ғабит Мүсі­ре­­пов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­мия­лық балалар мен жасөспірімдер театры­ның мыңдаған көрерменінің жүрегін жау­ла­ған қойылымдары аз емес. 70-інші жаңа маусымын ашқан өнер ордасының репер­туары жыл сайын жаңарып, шығармашылық ұжымы да жас актерлермен толығып жатқа­нына көпшілік куә. Театр тарихын екшесек, оның тұсауы ең алғаш 1946 жылы 4 шілдеде А.Толстойдың «Алтын кілт» пьесасымен кесілсе, 46 жылдан соң бұл мәдениет оша­ғына халық жазушысы, сыншы-драматург Ғ.Мүсіреповтің есімі берілді.

Театрдың алғашқы қарлығаштары – А.Мәм­­бе­то­ва, Ж.Бектасова, Қ.Жәкібаев, Д.Шәріпов, К.Өмір­­­­­­­зақов, Х.Камардинова, К.Закарина, Т.Қосы­баевалар болса, олардың ізін Серке Қожамқұлов, Мәкіл Құланбаев, Мұхтар Бақтыгереев, Тамара Қосубаева, Әмина Өмірзақова, Райымбек Сейтметов сынды қазақ өнерінің майталмандары жалғады. Өнер ордасының өсіп-өркендеуіне режиссерлер Н.И.Сац, С.Шәріпов, Т.Сидоров, Мен Дон Ук, С.Естемесова, Г.Хайруллина, В.Пұсыр­манов, Е.Обаев, М.Байсеркенов, Қ.Жетпісбаев, Р.Сейтметов, Н.Жақыпбай, Ж.Хаджиевтар өлшеу­сіз үлес қосты.
Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерге қыс­қаша тоқталсақ, 1994 жылы Ә.Таразидің «Індет» траги-комедия­сының сахналануы қазақ театрын­дағы тақырыптық жаңалық ретінде бағаланды. Е.Обаевтың бұл қойылы­мы 1997 жылғы Респуб­ли­калық театр фестивалінде Гран-при – алса, бір жыл­дан соң Түр­кі халықтарының театр фестивалінде дип­­ломға ие болды. Және ондағы басты рөл – Әзбергенді шынайы сомдаған Досхан Жол­жақсынов «Ең үздік ер адам бейнесі», ал, Б.Сейіт­­­мамытұлы «Ең үздік қосалқы ер адам бейнесі» лауреаттары атанды. Д.Жолжақ­сынов осы спектакльдегі еңбегімен Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік сыйлығын алды.
«Тарлан» сыйлығының иегері, режиссер Жанат Хаджиев қойған «Исатай-Махамбет» тарихи драмасы 2003 жылы республикалық театрлар фестивалінде бас жүлде алса, С.Жүні­совтің «Тұрым­тайдай ұл еді…» спектаклі республикалық байқауда Гран-при иеленді. 2006 жылы Уфада өткен ІV Түркітілдес елдері театр­ларының Халық­аралық «Туған­лык» фестивалінде «Алма бағы» қойылы­мында шал бейнесін сомдаған Тұрсын Құралиев «Аталар дәстүріне құрмет» арнайы сыйлығымен марапатталды.
2007 жылғы Халықаралық театр фес­тивалінде Т.Теменов сахналаған С.Сма­таев­тың «Көгілдір такси» мелодрамасы үз­дік бағаланып, Мәриямды ойнаған актри­са Күнсұлу Шаяхметова «Ең үздік әйел бейнесін» сомдаған актриса атанды. Бұдан кейінгі жылдары да Түркияда өткен «Ұлы Жібек жолы» атты Түркі­тілдес елдердің халық­аралық театрлар, сондай-ақ, Түрікменстан­дағы Халық­аралық театр фестивалдерінде өнер көрсетіп, қазақ өнерін паш етті. Қыр­­­­ғыз­станда өткізілген «Арт-Ордо» Халықара­лық театр фестивалінде М.Әуезовтің «Ай-Қарагөз…» (инсц. және реж. Т.Теменов) трагедиясы жоғары бағаланды.
2014 жылы Әзірбайжан Респуб­ли­ка­сының Шеки қаласында «Естайдың Қор­ланы» (авт. Иран-Ғайып, реж. М.Ахманов), екі жылдан соң Түркияның Конья қаласында «Мың тыныс – бір дауыс» атты Халықаралық театр фестиваліне «Қара шекпен» (авт. Г.Хугаев, ауд. Қ.Тө­леуі­шов, реж. А.Маемиров) спектаклімен қатысып, ел абыройын асқақ­татып қайтты. Сонымен қатар, театр­дың соңғы жаңалықтарының бірі, екі театр акте­рының жеке жұмысы – «Ол» моноспектаклі. Бұл Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» шығар­масының желісі бойынша сахналанды. Қойылым сахнада емес, театр фойе­сінде өтуімен ерекшеленді. Моноспектакль «Дидар» ІІ Халық­аралық театр өнерінің эксперименттік фестиваль-лабораториясында «Ең үздік қойылым» аталымына ие болды.
2015 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры әлемнің 83 мемлекеті қатысатын «АССИТЕЖ» Дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлары қауымдастығының қатарына 84-ші болып қабылданған қазақстандық өнер ошақтары ұйымының орталығы болып бекітілді. Қазіргі таң­­­да театрда уақыт тынысымен үндескен түрлі жанрдағы 30 қойылым болса, соларды халыққа жет­кізіп жүрген театр актерларының қатарында Қазақстанның халық артисі Роза Әшірбекова, ҚР-ның еңбек сіңірген артистері: Лидия Кәден, Кә­дір­­­бек Демесін, Гүлжамал Қазақбаева, Сағыз­бай Қарабалин, Сағат Жылгелдиев, Жібек Лебаева, Тұрсын Құралиев; Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткер­лері: Балтабай Сейітмамытұлы, Тыныш­­­­күл Сұлтан­бердиева, Әсел Мәмбетова, Рай­хан Қалиол­дина, Шолпан Сіргебаева, Қадыр­ғазы Қуан­дықов, Күлжәмилә Белжанова т.б. және де дарынды жастардан: Рахман Омаров, Айгүл Иман­баева, Әсет Иманғалиев, Бақыт Тушаев, Бей­біт Камаранов, Елдар Отарбаев, Жанар Мақа­шева, Сәния Ерзатқызы, Аида Жанті­леуова, Гүл­баһ­­рам Байбосынова, Динара Абдул­линалар бар.

Әлия БӨПЕЖАНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сыншы:
«Журналистермен біріге жұмыс жасасақ, үлкен іс тындырар едік»
– Қазір уақыт талабына сай саясатта болсын, өнерде болсын буын алмасу процесі жүріп жатыр. Театр сынында да жастар бар. Бірақ, оларға мобильділік жетпей жатқан сияқты. Өйткені, ағаларымыздан қалған ағыстан ба екен, сынға келгенде асықпай, баппен, бәрін жинақтап жазамыз деп жатады. Сондықтан, оларға ұшқырлық керек деп ойлаймын. Екіншіден, театр сынының өзі екіге бөлінеді, бірі – театртану болса, келесісі – театр сыны. Театр сынында театр журналистикасы деген бар. Оған мына отырған сіздер, журналистер, жатасыздар. Сол себепті журналистермен бірлесе жұмыс жасасақ, үлкен іс тындырар едік деп ойлаймын.

Асанәлі Әшімов,Қазақстанның халық әртісі:
«Где вы, господин Ка?» фильмін түсіру жоспарымда бар»
– Біздің қазіргі жұмысымыз – жастарға жол көрсетіп, олардың шығармашылық өсуіне, актерлік қабілеттерінің шыңдалуына бағыт-бағдар сілтеу. Десе де, соңғы кезде Мольер шығармаларын көздеп, іштей дайындықпен жүрмін. Сонымен қатар, «Кто вы, господин Ка?» фильмінің жалғасы ретінде «Где вы, господин Ка?» фильмін түсіру жоспарымда бар. Бұған қоса айтарым, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 90 жылдық мерейтойы аясында театрда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі еліміздің облыс орталықтарына гастрольдік сапармен барып, 90 жылда жеткен жетістіктерімізді саралап, халыққа есеп беру болды. Аға, орта, жас буын өкілдерінен тұратын театрдың шығармашылық құрамы күн өткен сайын талантты жастармен толығуда. Бүгінде театрымыз академиялық театр болса, ертеңгі күн «Ұлттық театр» деген атқа қызмет етуге тиіспіз.

Ақпарат көзі: http://zanmedia.kz/2016/10/19/arda-nerd-altyn-asiana-70-years/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тынышкүл Сұлтанбердиева мерейтойлық бенефисіне шақырады

admin

Данияр БАЗАРҚҰЛОВ, актер: Менің кумирім – Махамбет

admin

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ