1997 жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласында туған.
2015 – 2019жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын актерлық өнер мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2011 жылы «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» атты энциклопедияға есімі енген.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры Дипломының лауреаты;
«Менің Қазақстаным» республикалық студент-өнерпаздар патриоттық ән байқауының ІІ орын Жүлдегері атанған.
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 2017 жылдың 12 қыркүйегінен бастап, артист ретіндегі еңбек жолын жалғастырып келеді.
Ойнаған рөлдері:
Ж.Әлікен «Құпия» – студент, Р.Отарбаев «Ғабит» – Гүлбаһрам, М.Ладо «Адам-Зат» («Очень простая история») – Қошақан, І.Жансүгіров «Құлагер» – Ақ марқа.
- Teatr-musrepov.kz
- АРАЙЛЫМ ОХАС