Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Алтын мүйізді киік

admin

Еркін Әбдрешов

«Алтын мүйізді киік» (ертегі)

Қоюшы-режиссері – Еркін Әбдрешов
Қоюшы-суретшісі – Қуат Түстікбаев
Ертегідегі негізгі кейіпкер – Ертегінің өзі. Ғайыптан келген кейіпкер қазіргі балалардың қиялына еніп, оларды ертегілер әлеміне саяхат жасатады. Шым-шытырық оқиғалармен араластырып, барлық ертегінің түпкі айтар ойын бірге табуға шақырады. Ойнақы болса да ойға жетелей отырып, бала көңілін жақсы әсерге бөлейді. Ертегі өз патшалығының жарлығын жеткізу үшін әбден әуреге түседі.
Аяғында, барлық балаларды адамгершілік пен мейірімділікке, табиғат-ананы аялауға шақыратын жарлықты жеткізеді. Тәрбиелік мәні ерекше бұл ертегінің бүлдіршіндер мен балаларға берері мол, әсері зор.
Спектакльдің премьерасы: 14 қазан, 2015 жыл