Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

АЛМАТЫНЫ ТӘНТІ ЕТКЕН «АМАНАТ»

Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры және Құрманғазы оркестрі бірлесе отырып, «Аманат» атты концерт-спектакльді көпшілік назарына ұсынды. Халық қызығушылығын оятқан ерекше шара екі күнде де аншлагпен өтті.

Осылайша, тұңғыш рет бір сахнада оркестр ұжымы мен театр актерлері бас қосып, бір­неше өнерді тоғыстыра білді. Оркестр репертуарындағы та­ны­мал шығармалардан бөлек, бұл кеште поэзия мен қара сөз­ге негізделген қойылымдар сах­наланып, кеш ажарын аша түс­ті. Ұйымдастырушылар осын­дай сан өнерді бір арнада то­ғыстыру арқылы елдің өтке­ніне үңілуді мақсат тұтқан.

Кеште театр актерлері Абай­дың «Айттым сәлем, Қа­лам­қас», «Желсіз түнде жарық ай» туындыларын, сондай-ақ «Сар­жайлау» мен «Ақ маң­дай­лым­ды» да нақышына келтіре шыр­қап, көпшілікті көзайым қыл­ды. Бұдан бөлек Әсеттің «Наз­қоңыр», «Мұңайма» әнде­рінен акапелла айтылып, ор­кестр жиылған қауыммен бі­рі­гіп автор өлеңдерінен попурри орындап шықты. Концерт-спек­такльдің дирижері қызметін – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы­ның лауреаты Абылай Тілепбер­ген атқарса, шараның сце­нарийін Мәдениет қайрат­кері Ақзия Көлбаева жазып шық­қан. Ал концерт-спектакл­ьді сахнаға бейімдеген – қою­шы-режиссер Данияр Базар­құлов.

– Концерт-спектакльдің бас­ты мақсаты – актер деген ұлы ұғымның жан-жақты еке­нін ашып көрсету болды. Актер тек қана сахнада ойнамай, өзі­не жүктелген міндетті ерекше кәсібилікпен паш ете алатын артист деген атауға лайық болуы керек. Себебі, оркестр­мен қосылып ән орындау, поэ­зия мен монолог оқу екінің бірі­нің қолынан келе бермейді. Мұны эксперимент деп те атау­ға болады. Басқа елдерде қол­данылған шығар, бірақ біздің ел­де тұңғыш рет ұйымдас­ты­рыл­ды. Осындай тың дүние­лер­мен көрерменнің көңі­лін аулап тұруымыз керек. Өйт­кені үнемі бір сарында, тек спек­такль қойып отыра беруге бол­май­ды. Арасында осы­лай сер­піл­тіп қойғанымыз жөн. Дайын­дыққа екі ай уақыт жұмсалды. Нәтижесі көңілден шығып жатыр, – дей­ді Ғабит Мүсірепов атындағы ба­лалар мен жас­өспірімдер теат­рының дирек­торы Азамат Са­тыбалды.

Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ

Ақпарат көзі: https://aikyn.kz/2019/04/02/84439.html?fbclid=IwAR3Vs3Y3pqOPJhdLuIYlTntcOjSxfPRBO7ggbCt7lWOPCV1Jtoz7G-Zoby8

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Региональный фестиваль театров имени Жаната Хаджиева, заслуженного деятеля Республики Казахстан, лауреата премии «Тарлан», начнется в городе Жезказган с 8 ноября. Масштабный фестиваль проводится в рамках празднования 45-летнего юбилея казахского музыкально-драматического театра имени Серке Кожамкулова.

admin

Елдар Отарбаевтың орындауында Б.Алдиярдың “Орыс тілі апайы” поэзиясы

admin

«МАХАББАТ КЕЗДЕСПЕЙТІН КЕРЕМЕТ БІР…»

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ