Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыдағы Ғ.Мүсірепов театрының жаңа маусымы ашылады

Ертең Алматыдағы Ғ.Мүсірепов театрының жаңа маусымы ашылады. “Райымбек” спектакльімен.  Өнер ордасында жаңадан қабылданған шешім бойынша театр репертуарында 70 жыл бойы қалыптасқан дағдыны бұзбақ. Жастар театрындағы тың жаңалықтарды тілшіміз біліп қайтты.

Бұл Мүсірепов театры актерларының жаңа бастамасы. Поэзия жауһарларын мәнерлеп оқып, бейнеролик түсірілген. Ал биылғы маусымды театр әдеттегідей Мүсіреповтің спектакльдерімен емес, жаңа премьерамен ашпақ. Ал директор Сәбит Әбдіхалықов қойылым уақытын өзгертуге бел буыпты. Енді көрермендер кешкі тоғызда да театрға келіп, спектакль көре алады.

СӘБИТ ӘБДІХАЛЫҚОВ, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының директоры:

– Жастар кешке қарай қыдырады. Күндіз сабағы, жұмысы. Ел кешке тоғызда, онда киноға барады. Неге тоғызда спектакльға келмеске? Сондай жоспарлар бар тоғызда спектакль қоюға.

Ал театр актерлері премьераға қызу дайындалып жатыр. Мұқағали ақынның поэмасы бойынша,”Райымбек” спектаклі  сахналанып, 550 жылдық мерейтойға арнайы қойылмақ.

Райымбек батырдың рөлін “Жау жүрек мың бала” фильмі арқылы танылған актер Асылхан Төлепов сомдайды. Әрі театрдағы алғашқы рөлі болғандықтан, қобалжуын жасырмайды.

АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының әртісі:

– Маған бірінші үлкен рөл бұйырды. Бұл рөл көп адамға бұйыра бермейді. Сол себепті ауыртпашылық, жауапкершілік өте көп.

Биыл театр әртістерінің қатарына белгілі өнер ордаларын бітірген 10 жас маман алынған. Ал жаңа маусым қос премьерамен 14 қазанда ашылады.

Манас Қайыртайұлы, Думан Сүлейменов.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Ақпарат көзі: http://www.31.kz/video/show/id/9785/show/ib

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Көңіл толқыны». Анимация. Тынышкүл Сұлтанбердиева, Нұрбақыт Намазбеков

admin

Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты xатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлының төрағалығымен, министрлікке бағынысты мекемелердің баспасөз xатшыларымен кеңес отырысы өтті.

admin

Без дна

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ