Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары

Алматыда дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Әлемді шарпыған қауіпті індетпен күресуде дәрігерлердің еңбегі ерен. Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры да қаладағы дәрігерлерге жаңа жыл қарсаңында ерекше сый жасады.

Театр ұжымы оларға Мария Ладоның «Адамзат» спектаклін тегін қойып берді.

Театр артистерінің айтуынша, бұл бір реттік шара емес, олар басқа да қойылымдарды жоспарлап отыр.

 Азамат Сатыбалды, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:

 – Анау еңбекті, көргенде анау жанкештілікті көрген кезде бір ғана шапалақ ұрып, бір ғана спектакльмен алғыс айту аздау деп  ойлаймын. Сол үшін біз осы іс-шараны бастадық. Және де біздің ұжымның атынан және бүкіл елдің атынан ақ халатты абзал жандарға біз алғысымызды айтамыз. Дәл  осылай. Аман болыңыздар дегім келеді.

Ақпарат көзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/445653-almatyda-d-rigerlerge-rmet-k-rsetildi

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ЕРБОЛДЫҢ АКТЕРЛІК ӘЛЕМІ

admin

Ұлан Нүсіпәлі: Жадымызды байытқан соң ғана жаңа әрекеттерге барған дұрыс

admin

Басты рөлде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахман Омар

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ