Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыда балалар спектакльдерінің фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. 14 наурыз. Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында тұңғыш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдерінің фестивалі өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Осылайша, театрдың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, алғаш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдерінің фестивалі ұйымдастырылғалы отыр.

Фестивальда Байділдә Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әминә Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бейнесі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл», «Эпизодтық рөлдегі актерлік шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өткізіледі.

Осы бастамаға орай, 24 наурыз күні Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіқалықов, театрдың көркемдік жетекшісі, еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов, Қазақстанның халық артисі Роза Әшірбекова және әдебиет бөлімі меңгерушісі Бақыт Беделхан баспасөз мәслихатын өткізіп, БАҚ өкілдеріне сұхбат береді.

Айнаш Есали.

Дерек, сурет: Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2016/03/14/29097#

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Нет повести печальнее в степи В ТЮЗЕ имени Мусрепова поставили «Ромео и Джульетту»

admin

3.12 Студия қонағы ӘСЕТ ИМАНҒАЛИЕВ

admin

Театрымыздың актрисасы, Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты – Жанар Мақашева, Əзиз Бейшеналиевтің “ИГРА НА ВЫЛЕТ” фильмінде Аида рөлін сомдауда. Фильмнің тұсаукесері 24-қараша 7 арнадан көрсетілмек.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ