Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

АЛИ МАРАТ

admin

1990 жылдың 29 қыркүйегінде Жамбыл облысының Қордай ауданында туған.

2008 – 2012 жылдар аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінің «актерлық өнер» мамандығы бойынша, кино және театр актеры ретінде, кәсіби жоғары білім алып шыққан.

2012 – 2017 жылдар аралығында, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында артист ретінде қызмет еткен.

2018 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді.

Ойнаған рөлдері: М.Ладо «Адам-Зат» («Очень простая история») – Айдархан, Р.Отарбаев  «Ғабит» – Т.Жүргенов, І.Жансүгіров «Құлагер» көпшілік сахнасы – қара халық ретіндегі кейіпкерлер құрамы