Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Айгүл Иманбаева: Тәуелсіздігімізді мәңгі ету үшін әр қазақтың жүрегі елім деп соғып, рухы мықты болуы керек

Айгүл Иманбаева: Тәуелсіздігімізді мәңгі ету үшін әр қазақтың жүрегі елім деп соғып, рухы мықты болуы керек

Астана. 16 желтоқсан. Baq.kz – Тәуелсіздігімізді мәңгі ету үшін әр қазақтың жүрегі елім деп соғып, рухы мықты болуы керек. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева осындай пікір білдірді.

“Біздің театрдың “Желтоқсан желі деген спектаклінде Ләззат Асанованың рөлін сомдаған кезімде біраз тәуелсіздігіміздің қандай қан мен термен келгенін зерттедім. Көп нәрсеге жүрегім қан жылап, тереңнен ойланып, бүгінгі күнімізге шүкіршілік еттім. Егемендіктің оңай келмегенін білдік. Сондықтан, ең бастысы осы тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін ел болып күш салып, оны мәңгі сақтап қалуға тырысу керек. Әр қазақтың елім, жерім деп соғатын жүрегі болуы қажет, рухы мықты болуы керек. Сонда ғана тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, мәңгі сақтап қалатын мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы, тәуелсіздіктің қалай келгенін естен шығармаған жөн деп ойлаймын”, – дейді А.Иманбаева.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында Айгүл Иманбаева “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағына ие болды. Оның айтуынша, бұл жоғары марапат үлкен жетістіктерге жетелей түспек.

“Өнердің ұршығында иіріліп жүргенімізге биыл жиырма жылға жуықтады. Елбасының қолынан осындай үлкен марапат алу мен үшін зор қуаныш. Бұл менің екінші сыйым. Бірінші рет осыдан үш жыл бұрын Президенттің арнайы стипендиясымен марапатталған болатынмын. Халықтың жүрегінен орын алып, мемлекет, Елбасының тарапынан еңбегің еленіп, марапатталып жатсаң неге қуанбасқа деген ойдамын. Сондықтан бүгін қуанышымда шек жоқ”, – деп бөлісті әнші.

Ал сөз соңында Айгүл Иманбаева қазақстандықтарды халқымыздың қасиетті мейрамы -Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

“Барша қазақстандықтарды шын жүректен бүгінгі үлкен мейраммен құттықтаймын. Еліміз тыныш болып, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ен далада еркін өскен еліміз аман болсын. Есілдің бойына еңселі қала салған, ел бастаған еріміз аман болсын – деген игі тілегін білдірді ол.

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/atauli-kunder/aigul-imanbaeva-tauelsizdigimizdi-mangi-etu-ushin-ar-kazaktin-zhuregi-elim-dep-s-76398

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрда «Алтын сақа» фестивалі өз мәресіне жетті.

admin

Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаттары.

admin

Қазан айының репертуары

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ