![]() |
![]() |
![]() |
Мария Ладо
ауд. Құжырғали Төлеуішов
Адам-Зат («Очень простая история»)
Қоюшы-режиссері – Данияр Базарқұлов
Қоюшы-суретшісі – Тамара Охикян ( Грузия )
Режиссердің ассистенті– Әлия Әбсаттарова
Адамның басы – Алланың добы. Қайда апарса сонда қаласың. Кейде пенделіктің былығына белшемізден батып жатып, Алланың разылығын күтеміз. Алақан жайып сұрағанда арымыздың тазалығын неге ойламаймыз? Пенденің өмірі пендеге тәуелді емес. Кеудеңдегі жұмыр еттің дүрсілін тоқтатуға Құдай ғана құқылы! Көкейде жүрген көп сұрақтың жауабы қайда? «Адам-Зат» спектаклі – адамның ойын мазалаған көптеген сұрақтарға жауап іздейді.
Спектакльдің премьерасы: 13 маусым, 2019 жыл