Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары

Ғабит Мүсірепов театрының жаңа көркемдік жетекшісі тағайындалды

Бүгін, 9 ақпанда Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жаңа көркемдік жетекші қызметіне театр режиссері Молдағали Фархат Ерланұлы тағайындалды. Бұл туралы театр басшысы Азамат Сатыбалды хабарлады.

Молдағали Фархат Ерланұлы – режиссер, ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері, «Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, Халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының қоғамдық кеңесінің шешімімен «Ұлттық руханиятқа сіңірген айрықша еңбегі үшін» Абай мерейтойлық медалінің иегері.

Молдағали Фархат Ерланұлы Петропавл қаласында  1993 жылы 27 наурызда Семей облысы Қайнар ауылында дүниеге келген.

2011-2016 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Маман Байсеркенов шеберханасында оқыды;

2016-2018 жылдары С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының қоюшы режиссері;

2017жылдан бастап «StarTDrama» театр лабораториясының негізін қалаушы әрі жетекшісі;

2018 жылдың наурыз айынан бастап С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының бас режиссері;

2018 жылдың қараша айынан бастап С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі;

2020 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері.

Ақпарат көзі: https://qamshy.kz/article/62966-ghabit-musirepov-teatrynynh-dganha-korkemdik-dgetekshisi-taghayyndaldy

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрдың көктемгі тәбәрігі

admin

ҚОС ДАРЫН

admin

ТАЛАНТТЫ СЫЙЛАУ КЕРЕК ТІРІСІНДЕ немесе «Тағдыр тақтасындағы» тоғысулар

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ