Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

«Абайдан-аманат» концерт-спектаклі ABAI TV арнасынан көрсетіледі

Бүгін Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Абайдан-аманат» концерт-спектаклінің онлайн түсірілімі өтті. Концерттің телевизияға арналған жобасын  Abai.tv  арнасы түсірді.

Бұл жоба Құрманғазы оркестрінің басқа концерттерінен өзгеше, өйткені аталған жобаға театр актерлері де өз үлестерін қосып, концерт-спектакльді әсерлендіре түсті. Абай әндері мен күйлеріне, жыр жолдарына құрылған жоба бір сәтке Абай әлеміне енуге мүмкіндік береді.

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, жобаның режиссері Данияр Базарқұлов:
«Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен Құрманғазы атындағы оркестр мен Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың «Абайдан-аманат» жобасын дайындап жатырмыз. Бұл іс-шара тікелей Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналады. Абай атамызға тағзым, жастарға аманат ретінде сахналанып отыр. Концерт-спектакльдің жанрын – Абайға фантазия деп қойдым. Себебі өз көзімізбен Абайды қалай көреміз, соны сахнаға шығаруға тырыстым. Яғни, Абайға бала көзімен қарау. Алғашқы сахнада бала сахнаға шығып Абай өлеңін оқиды. Сол сәтте Абай әлеміне қиял-ғажайып арқылы еніп кетеді. Концерт-спектакль сонысымен ерекше. Келесі сахна жас Абайдың шабыттанған кезі, Тоғжанға ғашық болған сәтіне ауысады. Ғашығымен кездесуі, оған ән арнауы мұның бәрі режиссерлік фантазия. Одан кейін әжесі Зереге еркелеуі, оны жақсы көруі, әжесінің Абайға деген махаббаты көрсетіледі. Сонымен қоса хакімнің Біржан салмен кездескен сәтін осы концерт-спектакльден көруге болады»,-деді.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Медет Қуанышев:
«Мемлекет басшысының жарлығымен биыл «Абай жылы» екенін білесіздер. Осы орайда Мәдениет және спорт министлігінің қолдауымен екі өнер ұжымы «Абайдан-аманат» қойылымын сахнаға шығарды. Қойылым телевизияға арналған жобасын Abai.tv арнасы түсіріп жатыр. Концерт-спектальде Абайдың бала кезінен қартайған сәтіне дейін көрсетіледі.

Қойылымды дирижер Абылай Тілепберген бастаған Құрманғазы оркестрі жанды музыкамен сүйемелдейді. Енді жақын арада көрермен Abai.tv арнасынан қойылымды тамашалайды. Сонымен қатар екі өнер ұжымының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы көрсетіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғам санасын қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтып өткен болатын. Осы орайда Абай мұрасының, Абай шығармашылығының тигізер үлесі зор деп есептеймін»,-деді.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/121947?directionId=1551&lang=kk

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЮЗ имени Габита Мусрепова открыл 70-й сезон премьерным спектаклем «Райымбек! Райымбек!».

admin

Сәбит Әбдіқалықов: Министрдің бастамасы – ұлтқа арналған ауқымды жоба

admin

ЖАЗУШЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ…

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ