Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ақтоты Райымқұлова: «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы іске қосылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн брифинг өткізді.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында Министрлік атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндай келе, балалардың тұлғалық қасиетінің, адамгершілік және рухани дамуы үшін қосымша білім берудің маңыздылығын ескере отырып, Министрлік 4 қазанында «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын іске қосылғанын айтты.

Жоба ұзақтығы 10-15 минуттан аспайтын онлайн-форматтағы қысқа бейне-сабақтарды тұрады жəне 1-11 сынып оқушылары үшін әзірленген.

Балалар үйден шықпай-ақ Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды турлар жасай алады. Сонымен қоса опера, балет, драма өнерінің үздік үлгілерін, отандық және шетелдік қызықты кинофильм, мультфильмдерді көріп, таңғажайып музыка туындыларын тыңдай алады.

Оқушыларға madeni-m.kz сайтында қазақ және орыс тілдерінде музыкалық өнер, театр өнері, кинематография, бейнелеу өнері және Қасиетті Қазақстан атты 5 бағыт бойынша барлық білім беру бейне-сабақтары қолжетімді.

Жалпы алғанда жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыруға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі. Олардың дарынын, қызығушылығын ерте анықтап, одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/110773?lang=kk

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегерлері анықталды

admin

«АЛМАТЫ ТҮНІ» Тақырып: «Адам-Зат» спектаклінің премьерасы туралы. Студия қонағы: Спектакль режиссері Данияр Базарқұлов және актриса Гүлбархам Байбосынова

admin

Актер болу оңай ма? Кейіпкер: Жанар Мақашева

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ