Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары Мемлекеттің жаңалықтары

Ақтоты Райымқұлова «Елім-ай» сыйлығын табыстауға арналған жиынға қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Əйтімова, Нұртөре Жүсіп Ұлттық музейде орман шаруашылығы мен жан-жануарлар əлемін сақтауға үлес қосып жүрген үздік инспектор, орманшы, табиғат жанашырларына ҚР Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің «Елім-ай» сыйлығын табыстады.

Сонымен қатар іс-шараға бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит пен бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов қатысты.

Жиын барысында Ақтоты Райымқұлова алдыңғы жексенбіде орман, жан-жануарлар дүниесін қорғауға, сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген адамдардың мерекесі аталып өткенін айтып, қатысушыларды құттықтады.

«Сіздердің төл мерекелеріңіз бүгін де өз жалғасын тауып жатыр. Баға жетпес табиғи байлығымыз: орман-тоғай – Жер-Ананың адамзатқа берген сыйының бірі. Сондықтан табиғатты аялау, оның қадір-қасиетін сезіну – адамзаттың, ұрпақтың парызы. Сіздердің жұмыстарыңыздың нəтижесінде еліміздің экологиясы жақсара бермек. Тек бүгін үздік атанған емес, осы саладағы барлық жанға шын жүректен алғыс айтамын»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Аталған сыйлық 16 номинация бойынша табысталды.

Олар: «Браконьерлермен күресте ерлігі үшін» номинациясы Ақмола облысы «Охотзоопром» филиалының инспекторы – Достай Нұрбековке бұйырды. Ол 2016 жылы браконьерлерді ұстау кезінде жарақат алған.

«Жан-жануарлар əлемін қорғаудағы үздік инспектор» – Мұрат Əлиев. («Охотзоопром» филиалының инспекторы).

«Еліміздің үздік орманшысы» – Еркен Қабдығалиев. Орман шаруашылығы саласында 30 жылдан бері еңбек ететін ол бүгінде Шығыс Қазақстан облысы «Самара ауыл шаруашылығының» директоры.

«Орман шаруашылығын дамытудағы қызметке адалдығы» номинациясында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Батпаев филиалының жетекшісі Александр Трушин үздік атанды.

«Орман шаруашылығының еңбек сіңірген ардагері» – Хамит Ахметов. «Көлсай көлі» ұлттық саябағының жетекшісі, биология ғылымының кандидаты Хамит Ахметов – 30-ға жуық ғылыми мақаланың авторы.

«Үздік балық өсіруші» – ихтеолог, балық шаруашылығының жетекшісі Марлен Тұрсынəли атанса, «Балық өсіретін үздік тəлімбақ»  номинациясын «Қарағанды балық тəлімбақ» ЖШС алды.

Еліміздің «Үздік ұлттық табиғи парк» – Іле-Алатау ұлттық паркі, «Үздік қорық» – Барсакелмес қорығы.

«Экотуризмді дамытудағы үздік жоба» – «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевқа табысталды.

«Тамыр» – экология мəдениетін дамытудағы үздік жоба.

Елімізде итбалықтар қорғаушысы, Гидробиология мен экология институтының қызметкері Əсел Баймұқанова «Үздік экология насихаттаушысы» номинациясына ие болды.

«Ерік жігері мен мұрасы» аталымында Александр Карпович мəңгі үздік танылды. Сыйлық оның ұлына табысталды.

«Өлкетанудағы еңбегі» номинациясында – Баянауыл ұлттық саябағының инспекторы Алтынбек Құрманов.

«Жан-жануарларға қамқорлығы» аталымында – Сайрам-Өгем ұлттық саябағының биологы Нұржан Ақынбаев.

«Үй жануарларын қорғаушы» номинациясында- Жан-жануарларды қорғау ассоциациясының президенті Лилия Сəрсенова үздік танылды.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/113319?lang=kk

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

admin

Жексенбiнiң кешiнде “Кейіпкер келбетінің”‬ қонақтары – театрдағы жұлдызды жұп, талантты әртiстер – Рахман Омар мен Ақмарал Дайрабаева. Қонақтарымызға “Мың бiр мақал” айтып, “Жүз бiр жұмбақ” жасырдық. Қызықты кездесуіміз көрермендеріміздің көкейлерінде жүрген сұрақтарына-жауап берді. 29.11.2015ж.

admin

“Аманат” концерт-спектаклінің премьерасы өтті

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ