Ахманов Мұрат Ноянбайұлы – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ахманов Мұрат Ноянбайұлы


26

Туған кезі (күні, айы, жылы): 01.06.1959 ж.
Туған жері: Алматы обл, Райымбек ауданы, Ұзынбұлақ ауылы.
1971-1976 ж.ж. Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірген.
Алғашқы еңбек жолы 1976 жылдың тамыз айынан «Қазақ ССР-нің ән-би ансамблінде» балет артисі болудан бастау алады.
1980-1984 ж.ж. Алматы театр және көркемсурет институтының актерлық мамандық бойынша тәмамдайды.
1984-1993 ж.ж. Талдықорған облыстық (қазіргі Б.Римова атындағы) Қазақ драма театрында 10 жылға жуық артист ретінде қызмет етіп, түрлі жанрлы қойылымдардағы: Сталин, Мүсіреп, Петручио, Бауыржан, Демесін, Шоқан, Ақжігіт, Кебек және тағы басқа да көптеген басты қаһармандардың бейнелерін халықтың көкейіндегідей етіп шығарған.
1993 жылдан бастап, Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында артист ретінде еңбек жолын жалғастырды.
1997 жылы қоюшы-режиссер мамандығын алып шығады.
1998-2001 ж.ж. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған Қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі және бас режиссері міндетін атқарды.
2001-2005 ж.ж. БҚО Қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі.
2005-2010 ж.ж. Б.Римова атындағы облыстық Қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі жауапты қызметтерін атқарған.
М.Ахмановтың режиссерлығымен сахналанған спектакльдер үшін, Гран-при және жүлделі орындар табыстаған байқаулар тізбегі:
1.1998 ж. Тараз қаласында өткен Республикалық театр фестивалінің – Бас жүлдесі;
2. 2000 ж. Павлодар қаласында өткен Республикалық театр фестивалінде – I орын;
3. 2003ж. Орал қаласында өткен Республикалық театр фестивалінде – I орын;
4. 2006ж. Қызылорда қаласында өткен Республикалық театр фестивалінің Бас жүлдесі;
5. 2009 ж. Қарағанды қаласында өткен Республикалық театр фестивалінің – I орын жүлдесі;
6. 2013 ж. Ақтөбе қаласында өткен Т.Ахтанов атындағы Республикалық театрлар фестивалінде – Бас жүлдеге қол жеткізген.
7. 2014 жылдың 10-19 қыркүйегі аралығында Әзірбайжан Республикасының Шеки қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне қонақ ретінде арнайы шақыртумен қатысқан «Естайдың Қорланы» спектаклі қазақ театр сахнасының соның жетістіктерінің бір үлгісі ретінде, бауырлас түркітілдес көрерменге ұсынылып келді.
2010-2015ж.ж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы-режиссері;
2015-2016 жылдың қараша айына дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында көркемдік жетекші лауазымын атқарды.
2016 жылдың қараша айынан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы-режиссер міндетін атқарады.
Марапаттары:
1998 ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі»
2012 ж. «Құрмет» орденінің иегері.

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance