ЭТИКА ТЕАТРА — Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ЭТИКА ТЕАТРА


51652Мәдени орынға келу бірқатар әдептілікті сақтауды талап етеді. Аталмыш орындарда ең басты қағида – спектакль барысында оқыс-оқиғаның орын алмауы үшін, сондай-ақ әртістер мен музыканттардың ойынына кедергі келтірмей, өздеріңіздей көрермендердің жақсы демалуына мүмкіндік беру болып табылады.

  • Сырт киіміңізді гардеробқа еркін өткізіп, спектакльдің бағдарламасымен танысып, өзіңізге тиесілі орынға уақытында отырғыңыз келсе, ТЕАТРҒА қойылым басталғанға дейін кем дегенде 15-20 минут ертерек келгеніңіз абзал. Кешігіп келген жағдайда, сіз өзге көрермендерге кедергі келтіріп қана қоймай, өзіңізге тиесілі орынға емес, бақылаушылар көрсеткен орынға отыруыңызға тура келеді. Антракт кезінде, өз орныңызға ауыса аласыз. Әрине, қойылымға соңғы келетін көрермен бар, бірақ ол адамның Сіз болмауына тырысыңыз.
  • Театрдың кешкі қойылымдарына ересектер мен 12-жастан асқан балалар ғана кіргізілетінін ескерткіміз келеді.
  • Бүгінгі күні театрға әйел адамдар ұзын көйлек, ер адамдар смокинг киіп келуі керек деген қағида жоқ, дегенмен, театр – мәдени орта екенін естен шығармай, киім үлгіңіздің «көше стилінде» болмауын қадағалауыңызды сұраймыз.
  • Фойеге кіргенде ер адам бас киімін шешіп, шығатын кезде кигені дұрыс. Ал, гардеробта жанындағы бикештің сырт киімін алып, содан соң ғана өзінің сыртқы киімін өткізгені дұрыс деп ойлаймыз.
  • Егер әйел адамда сәнді бас киім болса, арт жағындағы көрерменге кедергі келіп жатқан жоқтығын сұрағаны дұрыс. Кедергі келтіріп жатқанын білсе, шешіп қойғаны мәдениеттіліктің белгісі болар еді. Осыны сұрауды ұмытып кеткен жағдайда, арттағы көрермен сыпайы түрде өтіне алады. Бұндай өтінішті орындау – міндетті. Сөзін жерге тастамағаны үшін, бас киімнің иесі ол жанның алғысына ие болады. Кейде мұндай қолайсыздықтар ханымдардың шаш үлгісіне байланысты да орын алып жатады. Оған қоса, шаш үлгісін шешу мүмкін емес. Сондықтан, әйел адам театрға жиналғанда жоғарыда аталған жәйттарды ескергені жөн.
  • Анатомиялық жағынан өз орнына отырған көрерменге арқасымен бұрылып өткені ыңғайлы (өйткені, отырған көрерменнің тізесі кедергі болмайды), дей тұрғанмен, ең дұрысы – көрерменге жүзіңізді беріп өткеніңіз сіздің сыпайылығыңызды байқатады. Осы жағдайда да кедергі келтіремін деп ойласаңыз, кешірім сұрай салғаныңыз нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
  • Әйел адам орнына бірінші болып өтуі керек, ал егерде, әйел адам ер адамның сол жағында тұрса, өз орнына емес серігінің орнына отырғаны жөн. Ең дұрысы, ер адам бикешінің отыратын қайырмалы орындығын ұстап тұрғаны абзал.
  • Көрермендер залында екі жұп қатар отырса, әйел адамдар ортада, ал ер адамдар екі шетінен орын алуы тиіс. Ложаның залда 2 жақты орналасқандығынан, сахнаны көру қолайсыздау. Сол себепті, ложаның алдыңғы орындарында әйелдер, ал ер адамдардың артында отырғаны дұрыс болады.
  • Егерде, театрда таныс адамыңызды кездестіріп, қатар отырғыңыз келсе, жаныңыздағы көршіңізге өтініш айта аласыз. Бірақ, сіздің орныңыз бен ауысқалы отырған көрерменнің орны тең немесе одан жақсы болуы керек.
  • Ғашық жандарға көрермен залында бастарын түйістіріп отыруына болмайды, бұл арттағы көрерменге қойылымды тамашалауға кедергі келтіреді.
  • Ер адамның әйел адаммен театрға келгендегі міндеттерінің бірі — қойылымның бағдарламасын сатып алып серігіне ұсыну. Қойылым алдында алып үлгермесеңіз, жаныңызда отырған көршіңізден уақытша сұрап алуыңызға болады (тек, көршіңіздің бағдарламамен алдымен өзі танысып алғандығын ескергеніңіз жөн).
  • Ертеде әйел адамға театрда тәтті ұсыну салты болған. Дегенмен, көрермен залына тәтті немесе тамақпен келуіңізге тыйым салынады. Әрдайым, антракт кезінде серігіңізді театр буфетіне қонақ етуіңізге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, әйел адамдар театрға келерде иіссуды асыра пайдаланбауын сұраймыз. Өйткені, жанында иіссуға сезімтал көрерменнің отыруы ғажап емес.
  • Суық тиіп қалған көрермен театрға келерде жөтелге қарсы дәрі ішіп шығуын естен шығармауын жөн деп білеміз. Себебі, қатты жөтел тек көрерменге ғана емес, сахнадағы актерларға да кедергі келтіретіні белгілі.
  • Қойылым жайлы пікірін немесе ескертпелерін спектакль барысында дауыстап білдірмеуін сұраймыз. Ол үшін антракт уақыты бар екенін естеріңізге саламыз.
  • Қойылым соңынан «бис» деп айғайламауыңызды сұраймыз. «Бис» деп ария немесе би орындалатын концертте, іс-әрекеттің қайталануын сұрағанда айтылатынын ескертеміз. Сіздің олай деуіңіз – артистердің бүкіл спектакльді қайталап қойып беруді сұрағаныңызбен бірдей.
  • Көрермен залында дүрбі пайдаланатын қонақтарға айтарымыз, оның (дүрбі) міндеті – залдағы өзге көрерменге қарау емес, сахнаны анық көруіне септігін тигізу болып табылады.
  • Қойылым соңында гардеробқа асықпай, спектакльдің аяқталуы мен актерлардың көрерменге ілтипат сәлемін аяғына дейін көргеніңіз – сіздің театр және артистерге деген шексіз құрметіңіз деп білеміз. Қонаққа барғанда үй иесімен қоштаспай кетпейтініңіз секілді, көңіліңізден шықпаған қойылымнан кейін де қол соғып, қошемет көрсетпей кетпеуіңізді сұраймыз!
Sitio web optimizado por: Posicionamiento en Google
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento