Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы


%d1%84-3

Туған кезі: (күні, айы, жылы): 24.04.1965ж.
Туған жері: Жамбыл обл, Байзақ ауданы, Сарыбарақ ауылы
1982-1988 ж.ж. Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының «Театр және кино» актер мамандығын тәмамдаған.
1988-1990 ж.ж. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға лаборант қызметін атқарды.
1990-1993 ж.ж. Ұлттық Ғылым академиясының аспирантурасын тәмамдады.
1994 жылы Ұлттық Ғылым академиясы әдебиет және өнер институтында «Қазақ қуыршақ театрының құрастырылуы және қалыптасуы» тақырыбында диссертация қорғады.
199-1996 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтында қазақ және әлем театр тарихы пәнінен дәріс берді.
1993-1996 ж.ж. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.
1996-1997 ж.ж. Республикалық Мәдениет мәселесі жөнінде Ғылыми орталықта бөлім меңгеруші.
1997-1999 ж.ж. ҚР Білім және мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетінде театр және өнер бөлімінің бастығы.
1999-2001 ж.ж. Республикалық неміс драма театрының директоры қызметін атқарды.
2001-2008 ж.ж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әкімшілік директоры қызметін атқарды.
2004-2008 ж.ж. Театр Қайраткерлер Одағының төрағасы.
2008-2013 ж.ж. Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры.
2013-2015 ж.ж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.
2016 жылдық қараша айынан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.
Уфа, Қазан, Бішкек, Каир, Тегеран қалаларындағы республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде әділқазылар мүшесі болған.
Ғылыми дәрежесі:
«Өнертану» ғылымының кандидаты.

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento