Жұманбай Жұлдызбек Айтқалиұлы – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Жұманбай Жұлдызбек Айтқалиұлы


%d0%b6%d2%b1%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%b7%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d0%b9-%d2%9b%d0%be%d1%8e%d1%88%d1%8b-%d1%80%d0%b5%d0%b6%d0%b8%d1%81%d1%81%d0%b5%d1%80

Режиссер
Туған кезі: (күні, айы, жылы) – 01.01.1982 ж
Туған жері: Семей облысы, Абай ауданы, Кеңгербай би ауылы
1999-2002 жж. М.Төлебаев атындағы саз колледжінің «Актер» бөлімін бітірген.
2002-2006 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада миниатюра» бөлімін тәмамдады.
2006-2012 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етті.
2012-2014 жж. Ресей Федерациясы «Театр өнері» институтының (ГИТИС) «Режиссер» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2015 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Режиссер» болып жұмыс жасайды.
Ойнаған рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Сердәлі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қозы, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі» – Қайсар, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Әнуар, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Қасым, М.Байджиев «Тұншыққан сезім – Әзиз, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Кубик, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Ілияс, Э.Филиппо «Цилиндр» – Родольфо, С.Қасымбек «Батыл көжектер» – Арыстан, Т.Теменов «Ырылдақ күшік» – Тормоз, «Тазша бала» -Күзетші, «Ғажайып қобдиша» – Мысық т/б.
Режиссер ретінде қойған қойылымдары:
«Айтылмаған махаббат» театрландырылған – концерттік бағдарлама,
Б.Дәуренбеков «Томпақпен келген Жаңа жыл» ертегі,
А.Герни «Махаббат хаттары» драма.

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance