Нұрқасымов Болатбек Боранбайұлы – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Нұрқасымов Болатбек Боранбайұлы


15052015-683x1024
Концертмейстер
Туған кезі (күні, айы, жылы): 02.11.1987 ж.
Туған жері: Ақтөбе қаласы.
2003-2007 жж. А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің «Дирижер» мамандығын тәмамдаған.
2007-2009 жж. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваторияның «Дирижер» мамандығын оқып жүріп,
2009-2014 жж. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваторияның «Композиция» мамандығына ауысып сол жылы бітіріп шықты.
2014-2016 жж. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваторияның «Композиция» мамандығы бойынша магистратурада оқиды.
2008 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Концертмейстер» қызметін атқарып келеді.
Б.Нұрқасымовтың конкурстарда алған дәрежелері:
2010 жылы Е.Рахмадиевтің 80- жылдық мерейтойына орай өткізілген композиторлар сайысында II- ші дәрежеге қол жеткізді.
2012 жылы Республикалық студенттер олимпиадасында III – ші орынды иеленді.
2013 жылы IV Республикалық студенттер олимпиадасында I – ші дәрежелі лауреат атанды.
Шығармалары:
Симфониялық шығармалар:
1.Қазақ Ұлттық аспаптарына (домбыра, үш ішекті домбыра, қылқобыз, нарқобыз, сыбызғы, жетіген, асатаяқ, екі даңғыра) және симфониялық оркестрге арналған – «қорқыттың Қоңыры» атты симфониялық поэма.
2.Симфониялық сюита – «Абайға арнау».
3.Симфониялық увертюра «Су патшасы».
4. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен флейтаға арналған концерт.
Камералық шығармалар:
1.Флейта мен фортепианоға арналған соната «Махаббат пен ғадауат».
2. Ішекті аспаптар квартетіне арналған «Балапан қаз» атты әніне вариация.
3. Сыбызғы мен фортепианоға арналған «Ақтоты» пьесасы.
4. Скрипка мен фортепианоға арналған пьеса.
5. Ағаш үрмелі аспаптар триосына арналған «Тегін тақырып» атты прелюдия мен фуга.
6.Прелюдия мен фуга As moll (фортепиано).
7. Прелюдия мен фуга D dur (фортепиано).
8. Шостакович стиліндегі фуга (фортепиано).
9. Фортепианолық пьеса С dur.
10. Фортепиано мен қоңырауға (glockenspiel) арналған фантазия.
11. «Бесік жыры» атты пьеса ( фортепиано).
12. Фортепианоға арналған вариация – «Илигай».
Өңдеулер:
1.Аралас дауысты хорға арналған С.Сейфуллиннің – «Көкшетауы».
2. Аралас дауысты хорға арналған Эжен Потьенің – «Марсельезасы».
3. Ішекті және үрмелі аспаптар октеті – «Құсни Қорлан» Естай.
4. Халық әні «Дедім ай ау» – фортепиано.
5. Ы.Дүкенұлы «Жез киік» – эстрадалық оркестр.
6. Ш.Қалдаяқов «Сағынышым менің» – симфониялық оркестр.
Спектакльдер:
1.И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» Реж: О.Кенебаев.
2.И.Ғайыптың «Фатима» қасірет-намасы. (реж. М.Ахманов)
3.М.Мақатаевтың «Мен, ұмытылмаймын…» лирикалық драмасы. (реж.Б.Сейітмамытұлы)
4. Д.Исабековтің «Құстар фестивалі» траги-фарсы . (реж. С.Шаймерденов)
5. Е.Әбдірешовтің «Алтын мүйізді киік» ертегісі. (реж.Е.Әбдірешов)
6.Хан де Еннің «Су патшасы» музыкалық ертегісі. (реж. М.Ахманов)
7. О.Белозеровтің «Кірпінің досы» ертегісі. (реж. Е.Әбдірешов)
8. Б.Дәуренбековтің «Томпақпен келген Жаңа жыл» ертегісі. (реж.Ж.Жұманбай).
Көркемдік фильмдер:
1. (авт және реж. Т.Теменов) «Менің күнәлі періштем»
2. (авт. және реж. Т.Теменов) «Судағы із».

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento