Ербол Идрисов – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ербол Идрисов


ербол1986 жылы 20 маусымда Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген.
2003-2006 жылдары Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің актер мамандығын тәмамдады.
2006-2010 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «драма актер» мамандығы бойынша білім алды.
2006-2010 жылдары Б.Омаров атындағы театрда актер болып еңбек етті.
2013 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып жұмыс жасайды.
Ойнаған рөлдері:
Б.Омаров атындағы театрда:
Р.Мұқанова «Муза» – бала Мұқағали, Д.Исабеков «Актриса» – Ерлен, Ш.Айтматов «Жәмилә» – Сейіт, т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
Г.Хугаев «Қара шекпен» -Қортық, Т.Теменов «Шығыс сазы» – саудагер, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – балапан;
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – Әтеш, М.Ахманов «Наурыз думан» – маймыл, М.Ахманов «Ертегілер әлемінде» – жыл басы, Микимаус, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Тузик, Р.Киплинг «Маугли» – Бөрі, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Алдар, т/б.

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance