Ербол Садырбаев – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ербол Садырбаев


%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%be%d0%bb-%d1%81%d0%b0%d0%b4%d1%8b%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b21979 жылы 24 қазанында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой станциясында дүниеге келген.
1997-2001 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қуыршақ театрының актері» мамандығын бітірген.
2001-2003 жылдары Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында актер болып еңбек етті.
2003 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып жұмыс жасайды.
Ойнаған рөлдері:
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Тюрянчик, Т.Теменов «Мулен Ружға шақыру» – Серж, И.Турсунов, В.Умар «Мың бір күн» – жендет, саудагер, «1001-ші түн» – Уәзір, А.Вампилов «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» – Сильва, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – Режиссер, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Сейіт, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Бе-бе, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Ботан Сарманов, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Юсупов, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
М.Томанов «Делдал қарға» – қасқыр, Е.Елубаев «Асар» – аю, Дж.Родари «Чиполлино және оның достары» – Мастино, М.Ворфоломеев «Томпақ қонжық» – қонжық, С.Балғабаев «Менің әжем – сиқыршы» – сиқыршы, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – ақымақ патша, т/б.

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance