Рахман Омар – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Рахман Омар


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

%d1%80%d0%b0%d1%85%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d0%be%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b21973 жылы 2 наурызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында дүниеге келген.
1990-1994 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының актер мамандығы бойынша бітірді.
1994 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Әуезов «Жас Абай» – Абай, «Желсіз түнде жарық-ай» – Абай, «Қаралы сұлу» – ауыл баласы, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» – Жәнібек, Т.Нұрмағанбетов «Біз түріктерміз»- Сабыр, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан-Есеней»- Торсан, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Жантық, «Ақан сері – Ақтоқты» – шәкірт, С.Балғабаев «Мико, Жымбала және қасқыр» – Жымбала, «Қыз жиырмаға толғанда» – Есімсейіт, Ш.Айтматов «Жан азабы» – Мәңгүрт, Иран-Ғайып «Алтын Ажал» – Ғалижан, О.Дастанов «Әзірет сұлтан» – Кәрім, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы»- нұсқаушы, А.Кирий « Зона немесе шиебөрілер»-202-ші тұтқын, «Көп ішінде – жалғыздар» – Алдан, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Сұңғат, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» – Сембин, «Карменсита»- Цун капитан, «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» – құс бейнесі, «Жамбылдың даңғыл да, тарғыл жолдары» – Қасым Тоғызақов, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Ахмет Хазин, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ө.Боранбай «Бәрінен күшті – қорқақ көжек» – Лақ, А.Сейдімбеков «Күннің қызы –Күнікей» Желаяқ, М.Ақынжанов «Алтын сақа» – Сарман, А.Толстой «Алтын кілт»- Базилио, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2007ж. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты
2016 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance