Есжан Хамидуллин – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Есжан Хамидуллин


Хамидуллин Есжан1984 жылы 29 шілдеде Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада миниатюра театрының» актер мамандығы бойынша білім алды.
2007 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып жұмыс жасайды.
Ойнаған рөлдері:
А.Вампилов «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» – Васенька, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – режиссер, «Таудағы түн» -күзетші, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Үсен, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нүктебек, Т.Теменов «Шығыс сазы» – ханзада, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Юсупов, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – фотограф, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – шәкірт, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Қортық, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Қарға, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
М.Ахманов «Наурыз думан» -мешін, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – 2-ші қарауыл, Ө.Боранбаев «Ер көжек» – қасқыр, Л.Владимирский «Буратино» – Артемон, С.Қасымбек «Батыл көжектер» – Аш көжек, М.Ахманов «Ертегілер әлемінде» – Спанч боб, Маша, Хан де Ен « Су патшасы» – шаян, Иран-Ғайып «Аждаһаның әлегі» – бала, Дж.Родари «Чиполлино және оның достары» – шиетай, Р.Киплинг «Маугли» – Табаки, т/б.

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento