Талғат Келімбетов – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Талғат Келімбетов


%d1%82%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%82-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b21989 жылы 1 желтоқсанда ОҚО Түлкібас ауданы, Тұраркент ауылында дүниеге келген.
2007-2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «актер» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Мақатаев «Мен,ұмытылмаймын…» – досы, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Асқар, Н.Ораз «Таудағы түн» – портрет, М.Байджиев «Тұншыққан сезім» – Әзиз, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Жантай, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Үсен, Т.Теменов «Карменсита» – солдат, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – ит, Л.Владимирский «Буратино» – Перо, М.Ахманов «Ертегілер әлемінде» – Дию, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Бурик, Р.Киплинг «Маугли» – Бөрі, т/б.

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance