Гауһар Сағынғалиева – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Гауһар Сағынғалиева


%d0%b3%d0%b0%d1%83%d1%85%d0%b0%d1%80-%d1%81%d0%b0%d2%93%d1%8b%d0%bd%d2%93%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b01985 жылы 7 маусымда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «актер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006-2009 жылдары «Тазабеков» театрында актриса болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Тазабеков театрында:
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Мақпал, Ш.Айтматов «Шыңғыс хан» – кемпір, «Жан азабы» – найман ана, Н.Гоголь «Ревизор» – Марья Антоновна, Анна Андреевна, т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
Т.Теменов «Шығыс сазы» – Аспаз қыз, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Ғазиза, Бану, М.Байджиев «Тұншыққан сезім» – Нәзи, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – актриса, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» -келіншек, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – келіншек, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – бас мекиен, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
С.Қасымбек «Батыл көжектер» – түлкі, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Ботагөз, Хан де Ен «Су патшасы» – ақ балық, Р.Киплинг «Маугли» -биші қыз, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Дәметкен, т/б.

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento